Финансы
1433304 Төраға қауіпті төмендеткісі келгенін айтады Экономика и бизнес

Ақышев қазақстандықтарды депозит ашу кезінде абай болуға шақырды

Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев депозитерге қатысты жағдайды The Business Year басылымына берген сұхбатында айтып өтті. Оның сөзінше, қазақстандықтарға банктерден депозит ашар кезде қаражатын жоғалтпас үшін абай болған жөн деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақышев қазақстандықтарды депозит ашу кезінде абай болуға шақырды

Данияр Ақышев. Фото: Андрей Лунин

Ақышевтың айтуынша, 2014 жылы ЖІӨ 221 млрд долларды құраған, ол 2016 жылы 133 млрд долларға қысқарып, салдарынан бизнес жүргізу мүмкіндігі төмендеп кеткен.

Ұлттық банктің басшысы мұндай жағдайда банктер шоғырлануы басқа экономика секторындағыдай дейді.

"Дегенмен, мен қауіпті төмендеткім келген еді, бірақ кей банк нарығындағы ойыншылар өз позициясын сақтап қалу үшін жеке тұлғаларға қатысты агрессиялы позицияны ұстануы мүмкін. Мұндай жағдайда сақ болуға кеңес беремін», - деп қазақстандықтарға ескерту жасады Ақышев.

Сондай-ақ, 2016 жылдың қаңтар айында депозиттегі шет ел валютасының үлесі 80% құрап, теңгешілдік саясаты эффектілі болмай, теңгенің құнын ешкім білмеген.

Жалпы депозиттің 2016 жылғы қаңтар айындағы үлесі 70% құраған, 2016 жылдың аяғында – 55%, ұлттық валютадағы депозиттер 3,3 трлн теңгеге дейін өскен, бұл уақытта шет елдік валюта депозиті 1,1 трлн теңгеге қысқарған, ол доллар эквивалентінде шамамен 3,2 млрд.

Тағы оқыңыздар:

Сағадиев өзінің отставкаға кетуін талап еткендерге жауап берді

Әйгілі Сары әулиенің ең жас тоқалы сүйіктісіне қыз туып берді (фото)

Шымкентте есінен танған БМВ жүргізушісі бес көлікті жаншып кетті (фото)

Димаштың анасы: Ұлымызды аңдып жүрген қыздарды үйге кіргізіп, шәй бердік

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также


Комментарии 6

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .