Финансы
988245 Тарих толқынында сан қилы кезеңдерді бастан өткеріп, тар жол тайғақ ке... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Аймақ экономикасына – тың өріс

Тарих толқынында сан қилы кезеңдерді бастан өткеріп, тар жол тайғақ кешкен ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы көксеген ақжарылқап арманы орындалып, Тәуелсіздік таңы атты. Егемендігі еңселі Қазақ елі жиырма жылдан астам уақыттың ішінде өркениеттің өрелі биіктеріне қадамын нықтай түсті. Бейбіт те шуақты күнде «Мәңгілік еліміз» ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен тірлігі жарасқан мемлекет болып орнығып, жаңа биіктерге ұмтылды.

Аймақ экономикасына – тың өріс

Тәуелсіздік жылдары еңсесін тіктеген халықтың тұрмысы түзеліп, ел экономикасының өркенін өсіріп, дамудың даңғыл жо­ лында жаңа леп, тың серпіліс ала келді. Бүгінде республика көлемінде ел экономикасын әртараптандыру мақсатында құрылған Арнайы эко­ номикалық аймақтар аяқтанып ке­ леді.

Негізгі міндеті индустриалдыөнеркәсіптік кластер құру арқылы бәсекеге қабілетті өндірістерді тар­ тып, халықты жұмыспен қамту болып табылатын «Ақтау теңіз порты» ар­ найы экономикалық аймағының жал­ пы ауданы 2000 гектарды құрайды.

Бұл өнеркәсіптік аймақта жекелеген алты жер учаскесі (субаймақ) бар. – «Ақтау теңіз порты» АЭА экс­ портқа бағдарланған және техно­ логиясы жоғары өндірістерді құру үшін инвестициялар тартуды көз­ дейді. Арнайы экономикалық ай­ мақта өндірісті орналастырудың негізгі басымдықтарына тоқталсақ, инфрақұрылымдық құрылыстарды мемлекет қаражаттары есебінен салу, жер учаскелерін кейін сатып алу құқығымен ақысыз 10 жылға жалға беру (ақылы жер пайдалану), әкімшілік кедергілерді азайту, тір­ кеу рәсімін жеңілдету мақсатында бір терезе қағидаты бойынша жұ­ мыс жасайды.

Сондай-ақ АЭА қатысушыларына қойылатын та­ лаптар сақталған жағдайда мемле­ кеттік органдармен салық және кеден жеңілдіктері (корпоративтік табыс салығын, мүлік салығын, жер салығын, жер үшін жалдау төлемін, импорт тауарларға ҚҚС, кіргізілетін тауарларға кеден баждарын төлеуден босату) қарастырылған,-деді «Ақтау теңіз порты» АЭА басқарма төрағасы Әмірбек Төлегенов.

Қазіргі таңда «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында тері бұйымдарын, электр аспаптарын, резеңке және пластмасса бұйымдарын, фарма­ цевтикалық өнімдерді, электротех­ никалық жабдықтарды, құрылыс материалдарын шығару, химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсіп пен металлургия, қойма қыз­ меттері жүзеге асады.

«Ақтау теңіз порты» АЭА басқарма төрағасы Әмірбек Бекбасарұлының айтуын­ ша, экономикалық аймақ құрылға­ лы бері тартылған және игерілген инвестициялардың жалпы көлемі 46 млрд. теңгені құрайды. Осы мер­ зім ішінде 1000-ға тарта тұрақты жұмыс орны құрылып, шығарылған өнімнің көлемі шамамен 227 млрд. теңгеге жетті.

«Ақтау теңіз порты» АЭА ау­ мағында Франция, Англия, Сингапур, Норвегия, Әзірбайжан, Ресей, Ис­ пания, Италия, Оңтүстік Корея сияқ­ ты елдердің шетел компаниялары тіркелген. Арнайы экономикалық аймақта Қазақстанның металлур­ гия өнеркәсібінің маңызды бөлігі болып табылатын және мұнай-газ саласы кәсіпорындарына арналған 100% отандық өнімді «Aрселор Ми­ талл Ақтау» АҚ ұсынып, мұнайсортаменті құбырларын шығару жөніндегі жобаны өндіріске енгіз­ ді.

«Aрселор Миталл» құбыр бас­ қармасының құрамына кіретін акционерлік қоғам еліміздегі диа­ метрі үлкен болат құбырларды және тотығуға қарсы қорғағыш бетін шығаратын жалғыз зауыт болып та­ былады. Қазіргі уақытта аталмыш акционерлік қоғам мұнай-газ және су құбыры жолдарына арналған диаметрі 457 мм-ден 1420 мм-ге дейінгі сапалы шиыршықты-тігісті құбырларды шығарады. – Елбасының тапсырмасымен «Қашаған» мұнай-газ кен орнына қажет жабдықты жеткізуді жүзеге асыру мақсатында елімізде жүйелі жұмыс ұйымдастыру үшін 2003 жылы «Кеппел Қазақстан» компа­ ниясы шақырылған-ды.

Бүгінгі таңда компания Қашаған теңіз жобасында құрылғыларды салуды және кемелер жұмысына қолдау көрсетуді жүргізуде. Компания ауыр өнеркәсіптік құрылыс жоба­ ларын іске асыруда буксирлер мен жабдықтау кемелері сияқты теңіз модульдерін, құрылымдары мен бұр­ ғылау қондырғыларын шығару, жо­ балау, салу, түрлендіру және жөндеу жұмыстарымен айналысады,-дейді «Ақтау теңіз порты» АЭА басқарма төрағасы Әмірбек Төлегенов.

Сондай-ақ, өңірдің экономикасын дамытуда және бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуде АЭА аума­ ғында орналасқан полиэтилен құ­ бырларын шығаруға бағытталған инвестициялық жобаның рөлі ай­ тарлықтай. Отандық өндірістік-сау­ да кәсіпорны санатына жататын «Ақтау Полимер» ЖШС қорғағыш полиэтилен қабықшасы бар жылу оқшаулау құбырларын, тегеурінді полиэтилен су құбырларын және газ құбыр жолдарына арналған по­ лиэтилен құбырларды шығаруға маманданған.

«Қазақстан Респуб­ликасының индустриалды-иннова­ циялық дамуын жеделдету» бағ­ дарламасының шеңберінде іске қосылған жоба озық үлгідегі техно­ логиямен жабдықталған. Ағымдағы жылы АЭА аумағында айлақта құрғақ жүк тасымалын кеңейтуге жол ашқан «Ақтау теңіз солтүстік терминалы», елімізге импортталатын және экспортта­ латын тауарларды қабылдап, сақ­ тап, жөнелтуге мүмкіндік беретін «Азерсун логистика және өндіріс орталығы», жылына 60 мың тонна темір бетон бұйымдарын шығаруға қауқарлы «ДСК Қараойқұрылыс» ЖШС жұмысын бастады.

Келер жылы темір бетон бұйымдарын, мұнай, электр және сым құралжабдықтарын, металл құрылым­ дарын, инъекциялық ерітінді шы­ ғаратын зауыттарды іске қосу жоспарланған.

*PR  құқында

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .