Финансы
346854 «ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында бізге Астананың көліктік инфрақұрылымын дамыту туралы ойластыру Экономика и бизнес

Астана "ақылды қалалар" көшбасшысына айналады

"ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында бізге Астананың көліктік инфрақұрылымын дамыту туралы ойластыру қажет. Астана әуежайы осы жылдың өзінде-ақ өзінің максималды өткізу қабілеті – 3,5 млн. адамға жетеді.

Сондықтан оның әлеуетін ұлғайту үшін 2015 жылы жаңа терминал құрылысы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңалау үшін 29 млрд. теңге бөлуді тапсырамын. Бұл әуежайдың өткізу қабілетін 2017 жылға қарай 7,1 млн. жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына жолдауында.

Елордамыздың көліктік инфрақұрылымы қазірдің өзінде қарқынды дамуда. Мұндай ілгерілеуді Астана әуежайының қызметінен-ақ анық байқауға болады. Мәселен, бір жыл ішінде 2 млн-ға жуық қазақстандық және шетелдік жолаушылар осы әуежайдың қызметін пайдаланған. Әсіресе, Астана – Франкфурт, Астана – Ыстамбұл, Астана – Әбу-Даби бағытындағы халықаралық рейстер көпке танымал. Алдағы уақытта елордамыздан жаңадан тағы 19 рейс ашылады. Соның бірі – Астана-Варшава бағытындағы әуе жолы. Сыртқы істер министрінің 1-ші орынбасары Рәпіл Жошыбаевтың айтуынша, жуырда өткен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-поляк үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысында осы мәселе жан-жақты талқыланып, тараптар оң шешімге келген. Польшаның экономика министрі Януш Пехочиньский өз елінің тарапынан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға қызығушылық танытты.

Астана әуежайын жаңарту үшін Елбасының тапсырмасымен 2015 жылдан бастап жаңа терминал құрылысы жүргізіліп, сондай-ақ ұшу-қону жолағы қайта жөнделеді. Ескі әуежайдың жұмыс істегеніне 10 жылға жуықтады. Биыл ол өзінің өткізу қабілетін 3,5 млн. адамға жеткізеді. Алайда, ЭКСПО-2017 көрмесінің қарсаңында жаңа терминалдың қажет екені сөзсіз. Мамандардың айтуынша, еліміздің әуе айлағы үш есеге дейін ұлғаяды. Жалпы ауданы 40 мың шаршы метрді құрайтын жаңа терминал бүгінгі терминалдың оң жағынан бой көтереді. Қазір бұл жоба Үкіметте бекітілуде. Ең бастысы, әуежайдың жолаушы тасымалдау қабілеті 2,5 есеге дейін артады. Жаңа терминал қазіргі заманғы озық техникамен жабдықталады. Мысалы, жолаушылар ұзын-сонар кезекті күтіп тұрмас үшін, әр адам өзі тіркеле алатын арнайы бағандар орнатылады. Ал, арнайы галерея екі терминалдың арасын жалғап тұрады.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-ы әуежайды жаңалауға 60 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте компанияның логистика жөніндегі вице-президенті Қанат Алпысбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қаражат ең әуелі әуежайдың жолаушылар қабылдайтын қуатын кеңейтуге жұмсалады. "Қазіргі кезде ескі терминалдың 3 млн-ға жуық жолаушыны қабылдауға мүмкіндігі бар. Егер біз жаңадан терминал салып, ұшу-қону жолағын жаңалайтын болсақ, онда жылына 7 млн-ға дейін адамды қабылдай аламыз",- деді ол брифингте.

Ал "SMART ASTANA-2014" конференциясында сөз сөйлеген қала әкімі Әділбек Жақсыбеков көп ұзамай Астана "ақылды қалалар" рейтингіндегі көшбасшыға айналатынын жеткізді. – Қазір бұл рейтингте Торонта 1-ші орында, ал Астана – 21-ші орында тұр. Екі қаланың климаттық жағдайлары да ұқсас. Сондықтан Астананы көшбасшыға айналдыратынымызға сенімдімін,- деді ол. "Astana Innovations" АҚ-ның басқарма төрағасы Талғат Әшімнің болжамына қарағанда, 2015 жылы елордамыз әлемдегі "ақылды қалалардың" жетілігіне кіруі мүмкін. Ол алдағы жылы Smart Astana жобасының толықтай жүзеге асырылатынын хабарлады. Атап айтарлығы, бұл жоба көшедегі заң бұзушылықтардың санын 15-25 пайызға дейін қысқартуға, қозғалыс қарқын алатын кездегі тас жолдардағы орташа жылдамдықты 25 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Айта кетелік, Астананы "ақылды қала" ретінде дамыту үшін екі жоба жүзеге асырылуда. Бірі – "Астана қаласының интеллектуалды көлік жүйесі", екіншісі – "Қауіпсіз қала" деп аталады.

Әмірлан Әлімжан

Источник: NUR.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .