Финансы
346850 «Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру Экономика и бизнес

Тас жолдарымыз 18-25 жылға шыдайды

"Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылады.

Оның үстіне, инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистралды автокөлік, темір жол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады. Бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет. Бұлар Батыс Қытай – Батыс Еуропа; Астана – Алматы, Астана – Өскемен; Астана – Ақтөбе – Атырау; Алматы – Өскемен; Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда; Атырау - Астрахань",- деп мәлімдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына жолдауында.

2020 жылға дейін Қазақстанда 7,5 мың шақырым автокөлік жолы салынады және қайта жөнделеді. Оның 4 мың шақырымы 4 және 6 жолақты 1-ші техникалық санатқа ауыстырылады, барлық жолдарды салу барысында жаңадан 200 мыңға жуық жұмыс орындары ашылады. Мұндай мәлімет Елбасымыздың жаңа жолдауына орай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жария етілді. Басқосуға қатысқан "ҚазАвтоЖол" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ұлан Әліпов автожол саласының таяу жылдардағы негізгі міндеті – "Орталық-Оңтүстік", "Орталық-Шығыс", "Орталық-Батыс" бағыттарын дамыту, сондай-ақ "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық автокөлік дәлізінің құрылысын аяқтау болып табылатынын жеткізді.

Мысалға, бір шетінен екінші шетіне дейін 8 445 шақырымқа созылатын халықаралық дәліздің 2 787 шақырымы Қазақстанның аумағымен өтеді. 2015 жылы магистральдың басым бөлігі салынып, қайта жөнделіп бітеді. Сөйтіп, алып тас жол транзиттік дәліз ретінде толығымен 2016 жылдың соңы мен 2017 жылдың басында жұмыс істей бастайды. Жобаның жалпы құны 825 млрд. теңгені құрайды. Қазақстан Үкіметі бүгінге дейін осы жолдың құрылысына халықаралық қаржы институттарынан 5,5 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартыпты. Отандық мамандар бұл қаражат өзін ақтайтынын, 8 жылдан кейін тас жолдан елімізге мол табыс түсе бастайтынын айтуда. Сондай-ақ, алдағы уақытта бұл дәлізді Парсы шығанағы елдерінің бағытына ұзарту да жоспарлануда. Бұл жаңа бағыт Маңғыстау облысының аумағымен өтеді.

Ресми жарияланғандай, Елбасының тапсырмасымен биыл үш бағыттағы жобалар – "Орталық-Оңтүстік", "Орталық-Шығыс" және "Орталық-Батыс" жобалары жүзеге асырыла бастады. Мұндай тас жолдар дәлізі еліміздің орталығы арқылы өтетін барлық халықаралық жолдардың "тамырына қан жүгіртеді". Болжам бойынша, 2020 жылға қарай автокөлікпен жүк және жолаушы тасымалдау көлемі 1,5 есеге дейін көбейеді. "Орталық-Оңтүстік" бағыты бойынша қазіргі кезде Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай жолдарының құрылысы жүргізілуде. Инвестициялар және даму министрлігі хабарлағандай, көлік қозғалысы көп шоғырланған осы екі жол болашақта ақылы болмақ. Сонымен қатар, "Орталық-Оңтүстік" бағытына жататын Ақсу-Аюлы-Ақшатау, Буырлыбайтал-Күрті жолдарының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда.

Атап айтарлығы, Президенттің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" бағдарламасының аясында салынған тас жолдарымыз 18-25 жылға дейін қызмет етеді. "Қазжол" ғылыми-зерттеу институты" АҚ-ның президенті Бағдат Телтаевтың айтуынша, Қазақстанда әлемдік деңгейдегі ең сапалы жолдар салынуда. "Мұны зерттеулерімізден көруге болады. Бізге келіп жүрген өркениетті елдердің мамандары да осындай пікір айтуда. Біз озық технологияны жәй ғана көшіре салмаймыз. Өзіміздің зерттеулерімізді пайдаланамыз. Мысалы, Еуропада іс жүзінде қыс болмайды. Сондықтан олардың кейбір технологиялары күннің суығына жарамсыз. Біз өзіміздің климаттық жағдайларымызды ескере отырып, әлемдегі барлық озық технологияларды сынап көреміз",- деді ол брифингте. Ғалымның сөзіне қарағанда, еліміздегі барлық жолдарда отандық технологиялар мен жергілікті материалдар пайдаланылады. Мысалы, жылы асфальтты төсеуге бетон мен қиыршық тас қолданылады екен. Сондай-ақ, битумның құрамы минералды ұнтақ, қиыршық тас, құм сияқты арнайы қоспалардан тұрады. – Асфальтбетонды тас жолдарымыз – 18-20 жыл, ал цемент-бетоннан құйылған тас жолдарымыз – 20-25 жылға дейін шыдайды,- деді Б. Телтаев.

Әмірлан Әлімжан

Источник: NUR.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .