Финансы
346841 «Төртінші мәселе - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су және жылумен қамтамасыз ету желілері Экономика и бизнес

Инфрақұрылымдық даму бағдарламасы жасалады

"Төртінші мәселе - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту.

Инвестицияларға жалпы қажеттілік қаржыландырудың барлық көздерінен 2020 жылға дейін жыл сайын ең азы 200 миллиард теңге бөлгенде кем дегенде 2 триллион теңгені құрайды. Бүгін ТКШ-ны жаңғыртуға инвестициялар салуға Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, сондай-ақ, жеке инвесторлар үлкен қызығушылық танытып отыр. Ұзақ мерзімді инвестициялық тарифтер ұсыну арқылы олардың барынша тартылуын қамтамасыз ету қажет.

Тарифтердің айтарлықтай ұлғаюына жол бермеу үшін ондай жобаларды мемлекет қосымша қаржыландыруы керек. Осыған байланысты жылу және сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту қарқынын жеделдету үшін бюджетте қарастырылған қаржыға қосымша жыл сайын 100 миллиард теңге бағыттау ұтымды болмақ",- деп мәлімдеді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына жолдауында.

Ал Үкімет Елбасының жолдауында берілген осы тапсырмасын қалай орындайды? Бір айдың ішінде.Ұлттық экономика министрлігі еліміздің 2015-2019 жылдарға арналған инфрақұрылымдық даму бағдарламасын әзірлеп, Президенттің қарауына ұсынады. Жуырда Елбасымыздың жаңа жолдауын жүзеге асыруға арналған ведомствоның алқа мәжілісінде Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осылай мәлімдеді. Ол жолдауда қажетті көлемі мен қаржыландыру көздері көрсетілген нақты жобалар жария етілгенін атап өтті. Сондай-ақ, министр Президенттің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты жолдауын жүзеге асыру үшін 25 іс-шарадан тұратын жалпыұлттық жоспар дайындалғанын хабарлады. Жалпы алғанда, инфрақұрылымдық даму бағдарламасының жобасында 7 негізгі бағыт таңдап алынған. Соның төртіншісі – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су және жылу желілері инфрақұрылымын жетілдіру.

Президент өз жолдауында атап айтқандай, Қазақстанның инвестиция салу үшін ең тартымды мемлекет екеніне халықаралық банктер өте сенімді. Биыл Астанада өткен Азия даму банкі басқарушылар кеңесінің 47-ші мәжілісінде Азия даму банкінің президенті Такехико Накао: "Сіздер географиялық жағдайларыңызға қарай Азия мен Еуропаның арасындағы көпір бола аласыздар. Ал біздің осы мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін инфрақұрылым, логистика басымдықтарына жол ашатын арнайы бағдарламамыз бар",- деп мәлімдеді. Еуропалық қайта құру және даму банкі соңғы 20 жылда Қазақстанға 6,7 млрд. доллар инвестиция құйған.

Аталған банктің Қазақстан бойынша директоры Джанет Хэкманның айтуынша, халықаралық қаржы институты еліміздің 7 өңірінде атап айтқанда, Алматы, Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау және Павлодар облыстарында жұмыс істеуде. Негізінен алғанда, ол қоғамдық көлік, су тазалайтын стансалар, сумен және электр қуатымен жабдықтау, жылу беру салалары. Шетелдік сарапшы аталған салалардың жаңартылуға мұқтаж екенін және оларға халыққа тиімді болатындай тарифтер керектігін айтады. Демек, бұл бағытқа Үкімет қосымша қаражат бөлсе, әрі тариф те тұрақты болады, әрі салаға жаңа технологияларды тартуға жол ашылады.

Ұлттық экономика министрлігі жариялағандай, ТКШ-ны жетілдіру бағдарламасы бойынша үшжылдық бюджетте 55,8 млрд. теңге бөлу жоспарланған. Соның ішінде, 25 млрд-ы – биыл бөлініп, ол тағы 8,3 млрд. теңгеге ұлғаймақшы. Таратып айтсақ, 850 көппәтерлі тұрғын үйлерді түбегейлі жөндеуден өткізуге – 8 млрд. теңге; жылу, су, газбен жабдықтауды дамытуға бағытталатын ұзындығы 900 шақырым желілерді жетілдіруге – 15,1 млрд. теңге жұмсалады. Онымен қоса, Үкімет еліміздегі жылу жүйесі тозған жекелеген қалаларға арнайы қаражат бөлуде. Мысалға, жыл сайын жылуға қатысты мәселе туындайтын қалалардың бірі – Семей екені рас. Бірақ семейліктер биыл суық үйлерінде бүрсеңдемейді.

Үкімет Семей қаласының материалдық-техникалық базасын нығайту туралы арнайы бағдарлама қабылдап, жыл сайын осы мақсатқа 7 млрд. теңгеге жуық ақша бөлу жөнінде шешім шығарды. Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев қыркүйектегі Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте семейліктер үшін аса жағымды жаңалықты жеткізді. Елбасының тапсырмасы және Үкіметтің қолдауы арқасында елімізде тұңғыш рет Семей қаласында 2 су жылытатын қазандығы бар ТЭЦ салынды. Осы орталық өндіретін 400-ге жуық гкалл жылу қаланың сол жағалауын толықтай жылытуға жетеді.

Әмірлан Әлімжан

Источник: NUR.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .