Финансы
346840 «Каспий теңізіндегі порттар арқылы батыс бағыттағы экспорттық әлеуетімізді арттыруға Құрық портынан Экономика и бизнес

Терминалдық қуаттар экспортымызды ұлғайтады

"Каспий теңізіндегі порттар арқылы батыс бағыттағы экспорттық әлеуетімізді арттыруға Құрық портынан салынатын ауқымды паромдық өткел және Боржақты – Ерсай теміржол желісі ықпал ететін болады.

Үкіметке Қытайдың, Иранның, Ресейдің және Еуропалық Одақ елдерінің "құрғақ" және теңіз порттарында терминалдық қуаттар салу немесе жалға алу мәселесін ойластыруды тапсырамын",- деп мәлімдеді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына жолдауында.

Жалпы алғанда, Қазақстанның сыртқы көліктік-логистикалық жүйесін құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мұның айқын дәлелі, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев биылғы мамыр айында Қытай Халық Республикасына барған сапарында ҚХР-дың төрағасы Си Цзиньпинмен бірлесіп, Тынық мұхитындағы Ляньюньгань портындағы қазақстандық логистикалық терминалдың алғашқы бөлігін салтанатты ашу рәсіміне қатысты. Аспан асты елі 1992 жылы Орталық Азияға шығатын қақпа есебінде бізге бұл портты ашып берген.

Ляньюньгань порты географиялық жағынан аса тиімді жерде орналасқан. Ол біріншіден, темір жол арқылы Қытайдың ірі-ірі қалаларымен байланысқан. Екіншіден, кореялық Пусан және жапондық Осака порттарымен теңіз арқылы қарым-қатынас орнатқан. Ең бастысы, логистикалық терминал Қазақстанға Тынық мұхиты аймағына шығатын жолды құрлықтағы жолмен салыстырғанда 3,5 есеге дейін қысқартады. Ал, аталған жоба 2014 жылдың 15 желтоқсанында толық іске қосылады.

Осы жерде әлемдегі ең ірі 25 порттың қатарына кіретін Ляньюньганьдағы терминалымыз туралы толығырақ мәлімет бере кетейік. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметінен алынған ақпаратқа сүйенсек, жобаның жалпы құны – 99,3 млн. АҚШ долларын құрайды. Соның ішінде бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталы екіге бөлінген: "Ляньюньгань порты" ААҚ-ының үлесі – 35,1 млн. доллар, "KTZ Express" АҚ-ның үлесі – 33,7 млн. доллар. Қалған 30,5 млн. доллар қытайлық банктерден қарыз ретінде тартылады. Жобаға екі компания: "Ляньюньгань портының компаниялар тобы" ААҚ-ы (51 пайыз) және , "KTZ Express" АҚ-ы (49 пайыз) қатысады. Негізгі операторы – 2014 жылы 24 маусымда құрылған "Қытай-Қазақстан логистикалық компаниясы. Ляньюньгань қаласы" ААҚ-ы. Жалпы ауданы – 21,6 гектар. Алдын-ала жасалған болжамға сәйкес, осы терминал арқылы тасымалданатын экспорттық және транзиттік жүктердің көлемі 2015 жылы 250 мың, ал 2020 жылы 550 мың жиырма пұттық баламаға жетпекші.

Терминалдық қуат салудағы келесі бағытымыз – Иран. Бұл бағыттағы іс-қимылымызды ширатуға 3 желтоқсанда іске қосылған Қазақстан-Түркіменстан-Иран жаңа теміржол желісінің зор ықпал ететіні белгілі. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның құрамына кіретін "Ұлттық көлік логистикасын дамыту орталығы" АҚ-ның вице-президенті Әбдірәшит Сәкеновтің айтуына қарағанда, бұл бағыт Қазақстанға теңізге шығатын ең жақын жол. "Сол себептен осы бағытқа ерекше назар аударып, Ляньюньганьға ұқсас жобаны Иранның Бендер-Аббас портынан ашуды ойластырып жатырмыз,- дейді ол. – Ондағы мақсатымыз – көліктік-логистикалық орталық ашып, отандық экспорттық тауарларды Үнді мұхитына, Парсы шығанағына шығару". Отандық мамандардың есептеуінше, бұл жобаны жүзеге асыруға 90 млн. доллар көлемінде инвестиция тарту қажет. Атап айтарлығы, Бендер-Аббас порты әлемдегі 90 портпен халықаралық кеме желісі арқылы байланысады.

Әбдірәшит Ахметжанұлының айтуынша, үшінші бағыт – Балтық теңізіндегі логистикалық активтерді дамыту. Атап айтқанда, бұл бағытта көліктік-логистикалық орталық құруға Рига және Клайпеда порттары қарастырылуда. 2016-2017 жылдарға жоспарланған жобаның өзіндік артықшылықтары бар. Екеуі де Балтық өңіріндегі ең ірі порттар. Оған қоса, Рига портына арнайы экономикалық аймақ мәртебесі берілгендіктен жерді ұзақ мерзімге жалға алуға болады. Сондай-ақ, Викинг және Балтика – Транзит пойыздары ҚХР – Еуропа пойыздарымен тығыз байланысқан. Аталған порттардың бірінде контейнерлік терминал, А класындағы негізгі және тоңазытқыш қоймаларды салуға 95 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция қажет.

Әмірлан Әлімжан

Источник: NUR.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .