Финансы
346836 «Индустриялық инфрақұрылымды дамытуға байланысты біріншіден, жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық Экономика и бизнес

АЭА: инфрақұрылымдық секіріс

"Индустриялық инфрақұрылымды дамытуға байланысты біріншіден, жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық аймақтарда инфрақұрылымдар қалыптастыру жұмыстарын аяқтау керек.

Үкімет және әкімдер оларды нақты жобалармен толықтыру бойынша жедел іс-шараларды қолға алуы қажет",- деп мәлімдеді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына жолдауында.

Қазіргі кезде Қазақстанда 10 арнайы экономикалық аймақ (АЭА) жұмыс істеп тұр. Олардың ішінде 5-уі – өнеркәсіптік өндірісті дамытуға мамандандырылған. Қалған 5-уінің бағыттары әртүрлі. Атап айтсақ, ол – технологиялық инновациялар, логистиканы дамыту, туристік кластерді өркендету, тоқыма өнеркәсібі және аралас аймақ. Осы аймақтардағы бизнес үдерісті жақсарту үшін Kaznexinvest-тің базасында бірыңғай корпоративтік орталық құрылады. Отандық мамандар осы жұмысқа халықаралық деңгейдегі танымал Jurong компаниясын тартуда.

Жалпы алғанда, АЭА-ның негізгі міндеті – экономикамыздың нақты секторына тікелей шетелдік инвестициялар тарту. Kaznexinvest-тің мәліметтері бойынша, еліміздегі барлық АЭА-тардың аумағында бүгінге дейін 83 жоба іске асырылған. 68 жоба әзірше жүзеге асырылу сатысында. Мемлекеттік инвестициялардың жалпы көлемі 75,5 млрд. теңгені құрайды. Ал, жекеменшік инвестициялар 228 млрд. теңгеге жетті. Атап айтарлығы, бұл мақсатқа бюджеттен бөлінген қаражаттың 60 пайызы салық түрінде қайтарылды. Демек мұндай нақты нәтижелер - АЭА-лардың табысты жұмыс істеп келе жатқанының айғағы.

Бұл сөзімізді шетелдік сарапшылар да растайды. Мәселен, Jurong компаниялар тобының президенті Танг Тат Квонгтың пікірінше, Қазақстан бизнесті дамыту үшін барлық жағдайларды туғызуда – инфрақұрылым, ерекше кеден тәртібі, салық жеңілдіктері, жерді төмен бағаға жалға беру. – Бұлардың бәрі сапалы жобалар мен инвесторлар үшін, жаңа жұмыс орындарын ашатын, сапалы өнім шығаратын кәсіпорындар үшін бәсекелесуге қажет,- дейді ол. Алайда, Танг Тат Квонг инвесторларға қолайлы ахуал туғызу үшін тек салықтық жеңілдіктер беру – жеткіліксіз екенін айтады. Оның пайымдауынша, инвестор мемлекеттік және өңірлік деңгейде толық қолдауды сезінгенде ғана нақты нәтижелерге жетуге болады. – Алайда, бұған біршама уақыт қажет.

Біз бүгінгі бастаған жұмысымыздың нәтижесін 5-10 жылдан кейін көре аламыз,- дейді ол. Мәлім болғанындай, Jurong компаниясы эксперименталдық алаң ретінде "Алатау ақпараттық технологиялар паркі" АЭА-ғын таңдаған. Kaznexinvest-тің дерегінше, әлеуетті инвесторлар болып табылатын 50 трансұлттық корпорациялардың тізімі жасалған. Ал, Қазақстанның Jurong сияқты компанияға үміт артқан себебі, ол әлемдегі 7 мың инвестормен тығыз қарым-қатынас орнатқан.

Біз жоғарыда сөз еткен 10 АЭА-ның бірі – "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА-ы. Ол Алматы облысы Панфилов ауданында, Қытай Халық Республикасымен шекаралас жерде, Алтынкөл теміржол бекетінің тура жанында орналасқан. Бұл орайда АЭА мультимодальдық логистиканы дамытуда, ірі өнеркәсіп орындарын ашу мен сауда-саттықты ұйымдастыруда – стратегиялық тұрғыдан өте ыңғайлы жерде тұр. Еуропа мен Азия арасындағы құрлық дәлізінде географиялық жағынан тиімді орналасуы және оның Оңтүстік-Шығыс Азия – Қытай – Орталық Азия – Еуропа транзит дәлізі ретінде үнемді және шығыны төмен болғандықтан бұл жол аса тартымды. Екіншіден, оның тауар өткізу нарығының Қытайға, Кеден одағы елдеріне, Еуропаға шығуға өте ыңғайлы болуы ерекше рөл атқарады. Негізінен алғанда, аталған АЭА Алтынкөл бекетіне және Батыс Еуропа – Батыс Қытай автокөлік дәлізіне логистикалық қосымша ретінде жұмыс істейтін болып жоспарланған.

Арнайы экономикалық аймақтың жалпы көлемі – 4591 гектар жерді алып жатыр. Оның негізгі жұмыс бағыты логистика болғанымен, осы жерде индустриалдық аймақ салу да жоспарда бар. Оған қоса, АЭА-ның құрамдас бір бөлігі болып табылатын Құрғақ порт теміржол жүктерін терминалдық өңдеуден өткізу қызметін атқарады. Қазіргі кезде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-ы порттың құрылысын жүргізуге 40 млрд. теңге бөлуді қарастыруда. Атап айтарлығы, "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА-ның инфрақұрылымын салуға 34 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсау көзделіп отыр. Сондай-ақ, жобаға жекеменшік компаниялар тарапынан 150 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланған. Тұтастай алғанда, АЭА іске қосылғаннан кейін 10 мыңнан астам адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі.

Әмірлан Әлімжан

Источник: NUR.KZ
В статье: Новости Алматы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .