346832 «Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру құрылыс материалдарына, көліктік-коммуникациялық, энергетикалық Экономика и бизнес

Битумды өзіміз өндіреміз

"Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру құрылыс материалдарына, көліктік-коммуникациялық, энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық салалар үшін өнімдер мен қызмет көрсетулерге үлкен сұраныс тудырады",- деп мәлімдеді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына жолдауында.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "2020 жылға дейін Қазақстанда 7,5 мың шақырым автокөлік жолы салынады және қайта жөнделеді. Оның 4 мың шақырымы 4 және 6 жолақты 1-ші техникалық санатқа ауыстырылады, барлық жолдарды салу барысында жаңадан 200 мыңға жуық жұмыс орындары ашылады" деген ақпарат жарияланды. Елбасының өзі атап айтқандай, жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың ішінде автокөлік жолдарының алатын орны ерекше. Соның ішінде тас жолға төселетін битумның өндірісі мен пайдаланылуы да үлкен маңызға ие.

Ендеше, отандық битум өндірісіне қатысты жағдайды өзімізше сараптап көрейік. Әуелі еліміздегі битумды өндіру мен тұтынуға назар аударсақ. Инвестициялар және даму министрлігінен алынған деректерге сүйене отырып, соңғы 4 жылдағы көрсеткіштерді салыстырайық. Мәселен, битумды тұтыну 2010 жылы 400 мың тонна болса, 2014 жылы ол 536 мың тоннаға өсіпті. 2010 жылы битум өндіру көлемі 100 мың тонна, ал 2014 жылы – 615 мың тонна. Битумды импорттауға келсек, 2010 жылғы көрсеткіш – 300 мың тонна, 2014 жылғы – 70 мың тонна. Қазақстандық битумды экспортқа шығару көлемі: 2010 жылы – 0 тонна, 2014 жылы – 150 мың тонна. Яғни, өзіміздің битумды өндіруде айтарлықтай өсім бар.

Айта кетерлік жайттың бірі, қазір Қазақстанда битум өндіретін 4 зауыт бар. Олар – Павлодар мұнайхимия зауыты (жылдық өндірісі көлемі – 430 мың тонна, 2014 жыл басынан бері 170,6 мың тонна өндірген, шикізат Ресейден әкелінеді), Алматыдағы "Газпром-Мұнай битум Қазақстан" зауыты (2014 жылы сәуірде ашылды, жылдық өндірісі – 120 мың тонна, жыл басынан бері 41,3 мың тонна өндірген, шикізат РФ-да әкелінеді), Шымкенттегі "Асфальтбетон-1" ЖШС-і (жылдық өндірісі – 50 мың тонна, жыл басынан бері 20 мың тонна өндірген, шикізат РФ-дан әкелінеді), Ақтаудағы "Caspi Bitum" битум зауыты (2014 жылдың наурызында іске қосылды, жылдық өндіріс көлемі – 400 мың тонна, жыл басынан бері 131 мың тонна өндірген, шикізат Қаражанбас кенішінен әкелінеді). Атап айтарлығы, осылардың ішінен Ақтаудағы зауытта ғана өзінің сапасы жөнінен халықаралық стандарттардан асып түсетін модифицирленген битум өндіретін құрылғы орнатылған.

Зауыт директорының орынбасары Алексей Аристов хабарлағандай, "Caspi Bitum" битум зауыты ағымдағы жылдың тамыз айында өзінің толық қуатымен жұмыс істеуге кірісіп, қыркүйек айында жоспарды 109 пайызға асыра орындады. Бұл зауыттың бірнеше артықшылықтары бар. Біріншіден, Қаражанбас мұнай кенішінен келетін шикізаттың қарамайы өте сапалы. Екіншіден, зауытта қолданылатын үздік технология (полимерлі-модифицирленген битум) есебінен тас жолдардың ыстық, суық және тозуға шыдамдылығы мен қызмет ету мерзімі 1,5-2 есеге дейін ұзарады.

Үшіншіден, зауытта жылына 1 млн. тонна мұнайды қайтадан өңдеуге болады. Зауыт өнімін негізгі тұтынушылар – жол салушы мамандар. Мысалы, "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық дәлізі ақтаулық битумның негізіндегі асфальттан салынуда. Алексей Аристовтың айтуынша, "Caspi Bitum" бүкіл батыс және орталық Қазақстандағы жолшылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ете алады. Оған қоса, битумды шетелдерге экспорттау мәселесі де қарастырылып жатыр. Зауыт құрылысы кезінде 900 адам жұмыспен қамтылса, қазір бұл кәсіпорында 280 адамның тұрақты жұмыс орны бар. Және олардың 70 пайызы – жергілікті тұрғындар.

Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметтері бойынша, автожолдар саласындағы инфрақұрылымдық жобалардағы қазақстандық мазмұнның үлесінде битум және бетонға арналған арматура өндірісі биыл 80 пайыздық көрсеткішке жетті. Салыстырып қарасақ, 2010 жылғы көрсеткіш – 15 пайыз, 2012 жылғы – 50 пайыз. Сонымен қатар, мынадай материалдар өндірісіндегі қазақстандық мазмұнның көлемі артқан: цемент, қиыршық тас, темір-бетонды бұйымдар, өлшеуге арналған бояу, металдан жасалған құрылым – 100 пайыз. Яғни, автожолдар саласындағы қазақстандық мазмұн үлесінің көлемі соңғы 4 жылда 15 пайызға дейін өскен.

Әмірлан Әлімжан

Источник: NUR.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .