346828 Қазақстандағы индустрияландырудың бірінші бесжылдығының алдын-ала анықталған нәтижелері шынында да көңіл Экономика и бизнес

Индустрияландырудың қарқыны қуантарлық

Қазақстандағы индустрияландырудың бірінші бесжылдығының алдын-ала анықталған нәтижелері шынында да көңіл қуантады.

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру ұлттық экономикамызды құрылымдық жағынан қайта құрудың және көптеген көрсеткіштердің өсуінің негізгі драйвері болып отыр. Мәселен, отандық мамандар хабарлағандай, бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде ІЖӨ-нің нақты өсімі шамамен 30 пайызды (16,1 трлн. теңгеден 35,3 трлн. теңгеге дейін) құрады. Сонымен қатар, өнім өңдеуші өнеркәсіп ұлғаймалы қарқынмен өсе (өндіріс өсімі – 22,8 пайыз, тау-кен өндіру секторындағы өсім – 20,4 пайыз) бастады. Ең бастысы, өнім өңдейтін сектордағы еңбек өнімділігі 1,6 есеге (37,3 мың АҚШ долл/адамнан 57 мың АҚШ долл/адамға дейін) өсті.

Жаңа индустрияландыру саясатының шеңберінде жаңа өндірістерді құруға және жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға бағытталған "Өнімділік - 2020" бағдарламасы іске асырылуда. Инвестициялар және даму министрлігінің Қазақстандық индустрияны дамыту институтының баспасөз қызметі хабарлағандай, өнеркәсіптің 8 саласынан кәсіпкерліктің 71 субъектісі қазірдің өзінде осы бағдарламаның қатысушыларына айналды. Атап айтарлығы, жобалардың басым көпшілігі құрылыс материалдарын шығару индустриясына арналған 21 жобаның және машина жасау саласындағы 18 жобаның үлесіне тиеді. Соның ішінде 67 жобаға кешенді жоспарды әзірлеу мен сараптама жасау үшін 81,2 млн. теңгеге төлем төленген.

Ағымдағы жылдың шілде айында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев онлайн-режимде бірқатар өнеркәсіптік жобаларды іске қосты. Олардың қатарында Индустрияландыру картасындағы "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА-ындағы құрғақ порт, Семейдегі "Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік" электр қуатын тасымалдайтын желі, Атыраудағы "Жігермұнайсервис" бұрғылайтын қашаулар зауыты, Қарағандыдағы шар шүмектері мен жапқыш арматура дайындайтын зауыт және т.б. бар. Атап айтарлығы, Индустрияландыру картасының аясында 2014 жылдың бірінші жартысында 21 жоба пайдалануға беріліп, 2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындары ашылды. Сондай-ақ жыл соңына дейін шамамен 100 жоба іске қосылып, қазақстандықтарға 8 мың жаңа жұмыс орындары пайда болады.

Осы 100 жобаның бірі - биыл Қостанай облысында пайдалануға берілген "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" ЖШС-інің алаңынан Toyota Fortuner автокөліктерінің өндірісін құру. 2012 жылы ашылған кәсіпорын әлемге әйгілі Toyota, Ssang Yong, Hyundai автомобильдерін және IVECO комерциялық техникасын өндіреді. Биыл "Өнімділік - 2020" бағдарламасы шеңберінде "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" ЖШС-і лизингке шағын торапты жинақтау әдісі арқылы автокөлік өндірісіне қажетті заманауи құлтемірленген құрал-жабдық сатып алды. Аталған кәсіпорын директоры Сырым Семейбаевтың айтуынша, дәнекерлеу мен шанақты бояуды қоса алғанда, шағын торапты әдіспен өндіру шығарылатын өнімнің құрамындағы қазақстандық мазмұнның үлесін ұлғайтуға септігін тигізеді.

"Осы әдіспен автокөлік шығару жобасы қазақстандықтарға әлемдік брендтен кем түспейтін отандық автокөліктерді сатып алуға мүмкіндік береді. Жоғары технологиялық құлтемірленген құрал-жабдық Toyota Fortuner өндірісіне де қолданылуда. Бұл жоба биылғы жылдың маусым айында іске қосылды. Сөйтіп, қазақстандық кәсіпорын Орталық Азиядағы Toyota-ның алғашқы өндірістік алаңына айналды",- дейді С. Семейбаев.

Сонымен бірге, биылғы маңызды нысандардың қатарына жылына 10 млн. тонна кірпіш шығаратын Аягөздегі зауытты, тәулігіне 80 тонна құрама-жем өндіретін Қызылордадағы "Жан Арай Жем" ЖШС-ін жатқызуға болады. 2014 жылдың желтоқсан айында іске қосылатын жобаның тағы біреуі – Қызылорда облысындағы "Бис групп" ЖШС-нің мия тамырын өңдейтін және өсіретін зауыты.

Бұл кәсіпорын ашылған соң, 156 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Зауыт алғашқыда үш түрлі өнім (глицирризин қышқылының ұнтағы, мия тамырының полисахариді және флавоноид атты балаларға арналған дәрі) өндіреді және қуаттылығы жылына 746 тоннаны құрайды.

Әмірлан Әлімжан

Источник: NUR.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .