Финансы
346826 Ел дамуындағы негізгі жетістік2014 жыл – мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда айтарлықтай нәтижелі Экономика и бизнес

Ел дамуындағы негізгі жетістік

2014 жыл – мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда айтарлықтай нәтижелі жыл болды.

Мысалы, Қазақстанда үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші бесжылдығында құрылыс өндірісінің өсімі 1,5 есеге ұлғайып, салынған инвестициялар көлемі 1,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Мұндай жетістігімізді Бірінші Еуразиялық құрылыс саласының конгресінде Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау хабарлады.

"Бірінші бесжылдықта біз әртүрлі салаларға 20 млрд. доллар инвестицияладық, соның ішінде құрылыс саласына 1,5 млрд. доллар инвестиция тарттық. Екінші бесжылдықта 14 сектор нақтыланды. Барлығы алты сала. Мемлекет басшысы атап айтқандай, сол 14 сектордың ішінде құрылыс саласы басым бағыттардың бірі болып қалады",- деді А. Рау. Оның пікірінше, құрылыс саласына инвестиция салатындар – өз елінің дамуына толық сенетін нағыз патриоттар.

Осы конгресте Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов отандық құрылыс саласы 2008-2009 жылдардағы дағдарыстан кейін қалпына келіп, дами бастағанын атап өтті. "2013 жылы ЖІӨ-нің 7 пайызын құрылыс саласы берді. Бұған қарап, іс жүзінде аталған сала 2008-2009 жылдардағы дағдарыстан кейін әл-қуатын жинап, бұрынғы қалпына келді деуге болады. Елімізде еңбекпен қамтылғандардың 8 пайызының құрылыста жұмыс істейтіні – осы саланың маңызды екендігінің дәлелі" деді А. Мырзахметов. 2014 жылдың басында құрылыс саласының кәсіпорындарына 1,3 трлн. теңге банктік несиелер берілген.

Құрылыс саласының жақсы дамығанына нақты екі мысал келтіруге болады. Біріншіден, еліміздің аумақтарында "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасы табысты іске асырылуда. Тұрғын үй құрылысының қарқыны жөнінен Алматы қаласы көш басында тұр. Алматы әкімінің Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингінде таратылған ақпаратқа сүйенсек, соңғы 6 жыл ішінде 5509,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Ал, 2014 жылы 1 324 532,7 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 10 500 пәтер тұрғындарға тапсырылған. Атап айтарлығы, бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық. Қала әкімдігі баспана қорын жаңарту мақсатында "Ескі үйлерді бұзу" бағдарламасын жүзеге асыруда.

Осы бағдарлама аясында жаңадан 62 үй салып, 3 мың отбасының баспана жағдайын жақсарту жоспарланған. Үй салуда үздік жетістіктерге жеткен өңірлердің бірі – Атырау облысы. 2014 жылдың 9 айында Атырау облысында 335,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (ресми дерек облыс әкімі Б. Ізмұхамбетовтің ОКҚ-гі брифингінде айтылды). 2014 жылға барлығы 870 пәтерлік 19 тұрғын үй тапсыру жоспарланса, соның ішінде тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы 465 пәтерлік 10 тұрғын үй биыл тапсырылады.

Екінші мысал. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты халыққа жолдауында инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысында құрылыс материалдарына үлкен сұраныс туатынын атап айтты. Соның ішінде, автокөлік жолдарын салуға қажетті битум үлкен маңызға ие. Инвестициялар және даму министрлігінен алынған деректерге сүйенсек, 2010 жылы битум өндіру көлемі 100 мың тоннаны, ал 2014 жылы – 615 мың тоннаны құраған. Қуанарлығы, битум импорты кеміп, экспорты ұлғаюда. Мәселен, импорттың 2010 жылғы көрсеткіші – 300 мың тонна, 2014 жылғы көрсеткіші – 70 мың тонна. Қазақстандық битумды экспортқа шығару көлемі: 2010 жылы – 0 тонна, 2014 жылы – 150 мың тонна.

Яғни, қазақстандық битумды өндіруде айтарлықтай өсім бар. Бұл өсімге 2014 жылдың наурыз айында іске қосылған Ақтаудағы "Caspi Bitum" битум зауытының (жылдық өндіріс көлемі – 400 мың тонна, жыл басынан бері 131 мың тонна өндірген, шикізат Қаражанбас кенішінен әкелінеді) қосқан үлесі зор. Атап айтарлығы, Ақтаудағы зауытта өзінің сапасы жөнінен халықаралық стандарттардан асып түсетін модифицирленген битум өндіретін құрылғы орнатылған.

Әмірлан Әлімжан


Источник: NUR.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .