264380 Baq.kz ақпараттық порталы ҚР Статистика Агенттігіне "Республикада қанш... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Республикада қанша адам орташа жалақы алады?

Baq.kz ақпараттық порталы ҚР Статистика Агенттігіне "Республикада қанша адамның айлық жалақысы орташа жалақыдан төмен?" деген сауал жолдады.Республикада қанша адам орташа жалақы алады?

Агенттік департаментінің директоры Е. Евстафьевтен төмендегідей мазмұнда жауап келді: Қазақстан Республикасындағы есептелген жалақы мөлшерлері бойынша қызметкерлер санын бөлу бойынша бірыңғай зерттеу жұмыстары ҚР Статистика Агенттігімен екі жылда бір рет жүргізіледі.

2011 жылдың маусымында өткізілген зерттеудің қорытындысы бойынша республикадағы қызметкерлердің көпшілігінде орташа айлық жалақысының шамасы 15 001-ден 75 000-ға дейін ауытқыды.

Қызметкерлердің 34,4%-нда орташа айлық жалақысы 15 001-ден 45 000 теңгеге дейін құрады, 31,1% - 45 001-ден 75 000 теңгеге дейін, 16,2% - 75 001-ден 105 000 теңгеге дейін, 14,8% - 105 001-ден 240 000 теңгеге дейін, 3,5% - 240 001-ден және жоғары.

"Қазақстан Республикасындағы есептелген жалақы мөлшерлері бойынша қызметкерлер санын бөлу" бюллетенінің электрондық нұсқасы осы статистикалық байқаудың нәтижелерін тереңірек зерделеу үшін www.stat.gov.kz сайтында "Жарияланымдар", "Бюллетендер", 12 серия "Халықты жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу" бөлімінде орналастырылған.

2013 арналған Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес аталған статистикалық зерттеудің қорытындысы бойынша деректер ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде жарияланады.

Источник: BAQ.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 2

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .