Финансы
263223 Сәйкессіздік 116 млрд теңгеге жуық ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қаржы министрлігі мен Есеп комитетінің есептеріндегі сандар сәйкес келмейді

2012 жылы мемлекеттік бюджеттің 42 миллиарды игерілмей қалды. Осындай мәліметті ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев алға тартты.

Қаржы министрлігі мен Есеп комитетінің есептеріндегі сандар сәйкес келмейді
Фото: paywm.com

Сенаторлар алдында есеп берген ол бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскенін де жасырмады. Ал Есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусин болса, депутаттар алдында мүлдем өзге көрсеткішті жайып салды.

Айтуынша, бас қазынаның 114,5 миллард теңгесі игерілмеген. Жергілікті атқарушы органдар 50,5 млрд. теңгені игермесе, оның 24 млрд. теңгесі бюджетке қайтарылды.

Бас қаржыгерлердің есебі бір арнадан тоғыспағаны халық қалаулыларын қатты алаңдатты. Мәселен, "далада жатқан ақша жоқ" деп ашынған сенатор Ғани Қасымов бас қаржыгердің толық есеп беруін талап етті.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғани Қасымов сәйкессіздік 116 млрд теңгеге жуық екенін айтып, министрден жауап беруді талап етті.

 

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 15

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .