262087 Еліміздегі толып жатқан халал асханалар, халал сауна, халал асаба дегендер шыныменен "халал" ма? ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Сарапшылар "Халалды" қадағалайтын ұжым қажеттігін айтады

Бүгінде әлем бойынша мұсылманның "Халал" белгісі бар өнімдер мен қызмет түрлерінің әлеуеті асып тұр. Халықтың дүкенге кіріп "халал ма?" деп сұрап, белгісіне қарауы соның дәлелі.

Сарапшылар "Халалды" қадағалайтын ұжым қажеттігін айтады
Фото: galov.com

Демек, қазір қоғамда тағамның таза екендігіне мән беретіндер көбейді. Азық-түлік шығаратын әлемдік брендтер тағамының таза екенін растайтын "Халал" сертификатын иемденуге тырысып бағуда. Осы өнімнің танымалдылығы артқан сайын жалған халал өнімдерін жасаушылар да көбейгенін айтады сарапшылар. Елімізде де азық-түліктен бастап халал ас орны, халал опа-далап, халал банк, халал сауна, халал асаба дегендер қаптап барады. Ал бүгінде тұтынып жүрген "халал" тауарлардың заты атына сай ма?

Жалпы, "Халал" мұсылман хал­қы­на тән, өнімнің тазалығын білдіретін белгі. Араб тілінен "рұқсат етіледі" деген мағынаға ие. Яки тағамда доңыз етінің болмауымен қатар, зиянды қоспаларсыз, жақсы ниетпен және физикалық тұрғыда таза дайындалған тағамдарды жеуге рұқсат деген сөз бұл. Ал өлген, қаны шықпаған малдың еті харам саналады.

Былтырлары "тұты­ну­шылар құқығын қорғау қоғамы" халал тамақ өнімдеріне жүргізген рейд қорытындысы көңіл көншітерліктей болмағанын да алға тартқан болатын. Сондықтан сарапшылар халал нор­масын бұзушыларға жазаны күшейту керектігін айтқан.

Соны пайдаланған пысықайлар "халал, мұсылмандық" деп жаза бере­ді тауарларына. Екінің бірі халалдың атын жамылып алған.

Ал оның халал не ха­рам екенін қарап жатқан ешкім жоқ. Ал бізден сертификат алмаған, келі­сім­шартқа тұрмаған кәсіпорындарды қа­дағалай алмаймыз. Тек сертификат берген кәсіпорындарды ғана бақылап отырамыз. Мысалы, Американың үш штатында халалға қатысты заң бар. Сол сияқты бізде де заң немесе үкімет, я дін істері агенттігі жанынан халал өнімде­рін бақылайтын комитет немесе департа­мент құру қажет.

Ол мемлекеттік ор­ган болып, халалдың жүйесін, соның ішінде сертификатталғанын да, сертификат алмай әншейін халал деп жазғандарын тексеруі тиіс. Өйткені өткен жылдары Солтүстік Қазақстан облысындағы ай­мақтардың бірінде "мұсылмандық" деген шұжықтың екеуінен доңыз етін тауып алдық. Оған қоса, біреулер "Ата-баба дәстүрін қорғайтын" қор құрып алып сертификат беріп жүр. Мал сою ережелері мен талаптары деген қа­ғаздарын халалдың атын жамылып куәлік деп қояды. Оны келіп шұжық цехтарынан басқа, мейрамханаларға, басқа қызмет орындарына беріп жатыр. Ал ол құжат, негізінен, мал союға ғана арналған" – дейді Кәрім Халиев.Бүгінде әлемде халал өнімін 2 мил­лиардқа жуық адам тұтынады. Осы орай­да халал индустриясы да жыл са­йын даму үстінде. Бүгінде Nestle, McDonald’s, KFC, TESCO және тағы басқа ірі ұлт­ара­лық корпорациялар тұтыну­шы­ларына халал өнімдерін ұсынады. Ал Иран, Түркия, Индонезия, Малайзия, Фран­ция, Ұлыбритания сияқты елдерде бұл өнімдер жоғары қарқынмен өсуде.

ТМД кеңістігінде осыдан бір жыл бұрын "Халалды" стандарттау және серти­фикаттау Еуразиялық одағы құрылып, оған Қазақстан, Ресей, және Бела­рус­сияның сертификаттау органдары кірген екен. Бүгінде Қазақстанда "Халал" сертификатын алған 40-тан астам ха­лықаралық және 500-ден аса қазақ­стандық кәсіпорын жұмыс істейді.

Источник: Айқын

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 6

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .