260870 Кремний өндіретін еліміздегі ең алып "Силициум Қазақстан" зауыты бүгін... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Кремний өндіретін еліміздегі ең алып зауыт банкротқа ұшырады

Кремний өндіретін еліміздегі ең алып "Силициум Қазақстан" зауыты бүгіннен бастап банкротқа ұшырады.

Кремний өндіретін еліміздегі ең алып зауыт банкротқа ұшырады
Фото: stolichniy.kz

Кезінде ел қазынасының 160 миллион долларына салынған нысан осы уақытқа дейін жұмыс істесе де ешқандай пайда таппаған. Осылайша кәсіпорын екінші деңгейлі банктердің біріне жарты миллиард доллар қарыз болып қалған. Қазір сот орындаушылар зауыттың барлық мүліктерін есепке алып, тәркілеуге дайындалып жатыр.

"Мекеме басшылығы жұмысшылармен ешқандай байланысқа шықпай отыр. Біз бастамағанда мына жиын бүгін болмас еді. Тіпті, біз ұжым ішінде қайта құрылымдау жұмыстарының жүріп жатқанынан да хабарсыз болып шықтық", - дейді зауыттың шебері Сергей Городов.

Атышулы кремний зауыты өз жұмысшыларына да 300 миллион теңге қарыз екен. Ал облыс басшылары мемлекеттік бағдарлама щеңберінде ашылған зауытты сақтап қалудың қамын енді ғана ойлай бастаған секілді.

"Біз зауытты басқаруды өз қолымызға алғымыз келеді. Меншік иелері мен басшылық құрамын өзгерту ойымызда жоқ. Тек қол ұшын беріп, зауытты қайтадан аяғына тұрғызғымыз келеді. Мекеме тарап кетпеуі тиіс", - дейді облыс әкімінің  орынбасары Әнуар Ахметжанов.

Зауытты мемлекеттің басқаруына ресейлік және германиялық акционерлер ауызша ғана келісім берген көрінеді. Тек оны енді құжатпен растаулары қажет. Олай болмаған күнде 400-ге тарта адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Айта кетейік, басынан дау арылмаған бұл зауыттың бастапқы қожайыны Александр Сутягинский өз серіктесінің өліміне тапсырыс бергені үшін 12 жылға сотталып кеткен болатын. Қарағанды

Источник: 7 канал

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 12

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .