Финансы
260699 Сот ақша ұрланғанын растады, бірақ банк жауап бермейді деп шешті ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстандағы ірі банктің қоймасынан $25 мың жоғалды

Банк қоймасында сақтаудағы қомақты қаржы ізім-ғайым жоқ. Татьяна Кожина "Цесна Банкті" 25 мың АҚШ долларын қолды етті, деп айыптайды. Банкті сотқа да берген, бірақ ұтылып қалды.

Қазақстандағы ірі банктің қоймасынан $25 мың жоғалды
Фото: nashkiev.ua

Өткен жылы пәтер алуға тірнектеп жүріп жинаған ақшасын сақтық үшін банк қоймасына өткізген Татьяна 1 айдан соң сейфтегі жәшігін тексерсе, ештеңе таба алмаған. Кожинаның айтуынша, ол құқық қорғау орындарына арыз жазып, полицейлер ұрлық фактісін анықтап, қылмыстық іс қозғаған.

Бұл "Цесна Банктің" қоймасынан ақша ұрланды, деген алғашқы арыз болмай шықты. Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінің ақпараты бойынша 2010-2011 жылдары Қарағанды қаласындағы аталмыш банк бөлімшесінен де ақша жоғалған екен. Ол кезде 8 миллион теңге және 10 мың еуро қолды болған еді. Сот ақша ұрланған фактіні растады, бірақ, бұл үшін банк жауап бермейді, деп шешті. Себебі, келісімшартқа сәйкес қаржы мекемесі сақтық үшін жауап бермейді, тек сақтау жәшігін жалға беретіні жазылған. Кеше соңғы сот отырысына қатысқан банк өкілдері бүгін сот үкімін тыңдауға да келмеді. Ал, осы оқиға жайында қандайда бір жауап беруден бас тартты.

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 16

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .