Финансы
260233 Ел тұрғындары үшін арзан бензиннiң жолы кесілген күйде қала бермек ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Ресейдiң арзан бензинi қазақ министрiн қатты састырды

2013 жылы мұнай өнiмдерiн тасымалдауға шектеу қойы­луы мүмкiн. Бұл туралы жуырда мұнай-газ министрi Сауат Мыңбаев мәлiмдеген болатын.Ресейдiң арзан бензинi қазақ министрiн қатты састырды

Ол: “Егер мұндай шектеу қоймасақ, осы жылы-ақ ресейлiк мұнай өнiмдерiнiң астында қалып кетемiз. Шектеу мүмкiндiгi екi ел арасындағы мұнай өнiмдерiн тасымалдау жөнiндегi хаттамаға сәйкес жүзеге асырылады. Хаттамада тайға таңба басылғандай анық жазылған, яғни мұнай өнiмдерiн тасымалдауға шектеу қойылмаса, Қазақстанның бюджетi шығынға батады”,– дедi.

Бұдан шығатын қорытынды, алдағы уақытта қазақстандық мұнай өнiмдерi ешбiр зауыттарымызда өндiрiлмей, оңды-солды сатылып, одан түскен пайда әрiптестерiмiздiң тауарын сатып алуға, көрсеткен қызметiне төленетiн ақыға жұмсалмақ.

С.Мыңбаевтың келтiрген уәжiне сенсек, ресейлiк Еуро-2 бензинi қазақстандық мұнай өңдеу зауыт­тарына проблема тудырып отырған сыңайлы. Әрине, бұл мәселенi әдiлетсiз бәсекелестiк деп те, жанар-жағармай нарығындағы алыптардың ұсақтарды жұтуы деп те бағалауға болады. Сонымен қатар Кедендiк одақтың Қазақстан үшiн тиiмсiз тұсының бiрi – отандық мұнай өңдеу зауыттарының мұндай бәсекелестiкке да­йын болмауымен де байланысты.

Осылай алыстан орағытқан министр: “АИ-92 бензинi биылғы 1 қаңтардан бастап Ресейде Еуро-3 стандартына ендiрiлдi. Алайда бiздегi мұнай өңдеу зауыттары бұл талапқа сай өнiм өндiрмейдi”,– деп шынайы проблеманың бетiн аша түстi.

Ресейде өндiрiлетiн Еуро-3 стандарты осылайша қазақстандық мұнай өнiмдерiн “тұншықтырып” барады. Тәуелсiз сарапшылар министрдiң бұл әрекетiн “өгiздi де өлтiрмей, арбаны да сындырмауға” жанталасуы деп бағалауда.

Сондай-ақ, С.Мыңбаевтың ресейлiк мұнай өнiмдерiн тасымалдауға тыйым сала отырып, отандық шағын зауыттардың жоғары сапалы бензин мен әуекеросинiн өндiруiне көмек көрсетпек ниетi кез келгендi таңғалдырары сөзсiз. Бұл жанталас пен қамқорлықтың астарында батпандай мәселе жатқанын айтады мамандар мен сарапшылар.Ресейлiк мұнай өнiмдерiнiң бағасы күрт арзандағаны баршаға мәлiм. Бұл өз кезегiнде Қазақстанда да мұнай өнiмдерiнiң бағасын мәжбүрлi түрде арзандатары сөзсiз.

Қамқор министрлер мен шенеунiктердiң арқасында арзан бензиннiң жолы осылайша кесiлiп, қазақстандықтар отандық бензиндi дөкейлердiң белгiлеген бағасымен тұтынуға мәжбүр болмақ.

Источник: Жас Алаш

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 18

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .