Финансы
259915 "Қолжетімді баспана-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2013 жылы 6... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

2013 жылы жалдамалы тұрғын үйлер пайдалануға беріледі

"Қолжетімді баспана-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2013 жылы 60 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үй пайдалануға берілмек.2013 жылы жалдамалы тұрғын үйлер пайдалануға беріледі

Мамандар халықаралық тәжірибеге сүйене отыра, "Қолжетімді баспана" бағдарламасын барынша жүзеге асыруды көздеуде. Осыған орай бүгін "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының мамандары баспасөз мәслихатын өткізіп, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Басқарма төрағасы Болат Палымбетов 2013-2014 жылдары 150 мың шаршы метрлік, кейін сатып алуға болатын жалдамалы үйлердің тұрғызылатытын алға тартты. Мамандардың айтуынша, бүгінгі күні қордың қарауында 107 млрд. теңгені құрайтын 15 жоба жүзеге асуда.

Тіпті қағазбастылықтан арылу үшін ғаламтор арқылы аталмыш жобаға қатысу үшін өтінім беруге мүмкіндік беретін бағдарламаның жаңа үлгідегі нұсқасы ұсынылды. Мәселен , тұрғын үйді пайдалануға беруге 3 ай қалған кезде арнайы ресми сайт арқылы әр азамат өзі қалаған пәтерді таңдай алады.

Мамандар біздің басты мақсатымыз – жақын арада бағдарлама жұмысын жұртшылыққа толығымен түсіндіріп, халықты баспанамен қамтамасыз етуге барынша ат салысу, дейді.

"Жылжымайтын мүлік қоры дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында өз міндетін толық орындады. Атап айтсақ, шамамен 1 млн. шаршы метр болатын 21 нысанның құрылысы аяқталды. Аталған тұрғын үйлердің құрылысын аяқтау 3 мыңнан астам үлескердің мәселесін шешті. Осылайша бұл бағдарламаны жүзеге асыру тәмамдалды. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмай, қолдан келгеннің бәрін жасауға даярмыз", - дейді "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ басқарма төрағасы Болат Палымбетов.

Источник: 24.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 4

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .