259846 Алматыда орташа айлық жалақы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырған... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Алматыда орташа айлық жалақы 134 мың теңгені құрады

Алматыда орташа айлық жалақы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 мың теңгеге өсіп, 134 438 теңгені құрады.

Алматыда орташа айлық жалақы 134 мың теңгені құрады
Фото с сайта newskaz.ru

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен "Алматы қаласының үстіміздегі жылдың 1-ші тоқсанында әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары" деген тақырыпта кеңес болып өтті.

Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Сардар Кабдоловтың баяндамасында айтылғандай, қаланың барлық экономикалық салаларында тұрақты өсім орын алған. Мысалы, өнеркәсіпте 2013 жылдың басынан бері қарай 155,3 млрд. теңгенің өнімі шығарылған, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,8 %-ға көп. Өнім өңдеу саласындағы өсім - 6,8%.

Сыртқы экономикалық қатынас саласындағы жағдай да жақсы. Мысалы, биылғы жылдың 1 тоқсанында тауар айналымы 2,4 млрд. долларға жетіп, өсім 7,7% болды. Сонымен қатар, бөлшек сауда - 6,9% , көтерме сауда 17% -ға артты. Бірінші тоқсанда көлік қызметін көрсету де ұлғайды.

Жүк айналымы 14,2%-ға, жолаушылар айналымы 11,7%-ға өсті. Кіші және орта бизнес өкілдері 512,8 млрд. теңгенің өнімдерін шығарды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,1% көп. КОБ-те істейтіндер саны 11,5% немесе 387,2 мың адам.

Индустриализация картасы аясында биылғы жылдың аяғына дейін 6 жоба, 2014-2016 жылдары тағы да 7 жоба жүзеге асырылатын болады. Бизнестің жол картасы аясында жыл басынан бері қарай 40 жоба мақұлданды, оның 6-ы индустриалды инфрақұрылымды дамыту бағытында болмақ.

Орташа жалақы 10 мың теңгеге өсіп, 134 438 теңгеге жетті. Салынған тұрғын үйлер көлемі 2,6%-ға артып, 339 мың шаршы метрді құрады. Мемлекеттік бюджетке жыл басынан бері қарай 283,5 млрд. теңге салық түскен, бұдан басқа төлемдер 107 %-ды құрап отыр.

В статье: Новости Алматы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 8

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .