Финансы
259838 Арнайы сиырдың еті қосылған қоспада ұсталынған доңыз еті "халалға" айналады ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстанға сиыр еті деген желеумен шошқа еті әкелінеді

"Қазақстандағы халал индустриясы" Ассоциациясының өкілі Гүлжазира Нұралбаева елімізге Қытайдан сиыр еті ретінде доңыздың еті әкелініп жатқанын хабарлайды, деп жазады "Экспресс К" газеті.Қазақстанға сиыр еті деген желеумен шошқа еті әкелінеді

"Еуропада жылқы етіне қатысты дау туып жатса, көптеген қазақстандықтар сиырдың еті деп түрлі химикаттармен өңделген доңыз етін жеп келе жатқанын білмейді. Оның әдісі де қарапайым – доңыз етін арнайы сиырдың еті қосылған қоспада екі сағат ұстаса жеткілікті. Осылайша жалған "халал" өнімі экпортқа шығарылуға дайын", - деп жазады басылым.

"Қазір бізде "Қазақстанға осындай ет әкелініп жатыр", деген ақпарат бар. Арнайы химиялық қоспада өңделген етті сиыр етінен айыру қиын. Дәмі де түсі де өте ұқсайды. Оны тек генетикалық деңгейдегі терең сараптама ғана анықтап бере алады, – дейді Гүлжазира Нұралбаева. – Осындай етті Алматыдағы кәуап сататын дәмхана, мейрамханалар сатып алады. Ал, ондай өнім базарда сатыла ма, жоқ па, маған белгісіз".

Арзан кәуап сатылатын Алматыдағы асханалардың көбейіп кетуінің басты себебі осы - жалған сиыр етінің әкелуінен. Г.Нұралбаеваның айтуына қарағанда әзірге осындай құдайсыздық ісі бойынша ешкім шағымданып келмепті.

"Бізге Қытайдан жасанды жұмыртқалары әкелініп жатқаны белгілі. Онда желатиннен басқа табиғи зат жоқ, оның өзіне шошқаның майын қосады. Бұл жасанды жұмыртқаны тауықтың жұмыртқасынан айыру өте қиын. Осындай тауарды шекарада тексеру мүмкін емес, өйткені құжат бойынша сиырдың жас еті мен тауықтың жұмыртқасы деп көрсетілген. Ветеринарлық дәрігердің өзі арнайы зертхананың көмегінсіз өнімнің табиғи екендігін анық айта алмайды", - деп түйіндейді қауымдастық өкілі.

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 29

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .