Финансы
259808 2014 жылдан бастап 48 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады.... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

2014 жылдан бастап 48 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады

2014 жылдан бастап 48 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады. Бұл туралы бүгін туризм жөніндегі кеңестің кезекті отырысы барысында Сыртқы істер министрілігінің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев мәлім етті.2014 жылдан бастап 48 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

"ЭКСПО халықаралық көрмесінің өткізілуіне байланысты негізгі шетелдік көрмеге қатысушылар мен қонақтардың республика аймағына еш кедергісіз келуі өзекті мәселеге айналып отыр. Біз көрменің өткізілуі мерзімі ішінде ресми визалық рәсімдер мен өзге де миграциялық мәселелерді жеңілдету бойынша дайындық жұмыстарына кірісіп кеттік. Мысалы, 2011 жылы Қазақстанда 125 358 виза берілген, ал 2012 жылы бұл көрсеткіш 164 805 визаны құрап, 31,46%-ға артқан. Бүгінгі күні біз дипломатиялық паспорттар бойынша әлемнің 56 елімен визасыз жүйеде жұмыс істейміз. Олардың ішінде 20-сы – Еуропалық одақ мемлекеттері. 38 ел – қызметтік паспорт, ал 16 мемлекет ұлттық паспорттар бойынша визасыз жүйеде елімізге келе алады", - деді Жошыбаев.

СІМ жауапты хатшысының айтуынша, әлемде қалыптасқан миграциялық жағдайға байланысты визаны берудің жаңа ережелерін әзірлеу бойынша жұмыс аяқталуға жақын. Аталмыш құжат ҚР аумағында заңсыз кәсіпкерлікпен, еңбек және өзге де ақылы қызметпен айналысатын шетелдіктердің елге ағымын тоқтатуға бағытталған.

"Сонымен қатар, жаңа ережелер турист ретінде және инвестициялық қызмет аясында елімізге келуге тиімді жағдайларды жасауды да қарастырады. Мысалы, 90 күнге дейінгі мерзімде және Қазақстан аумағында 30 күнге дейін болуға рұқсат ететін 1,2 және 3 реттік туристік визалардың берілуі қарастырылған. Біздің 2014 жылға қарай 48 елдің азаматтарын визаны рәсімдеуден босатпақшы ойымыз бар. Оның ішінде 34 ел – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мемлекеттері және 14 ел қандайда бір бағыт бойынша бізге ешбір қауіп-қатер төндірмейді. Олар 2014 жылдан бастап 15 күнге дейін, ал 2015 жылдан бастап 30 күнге дейін визасыз жүйемен Қазақстанға келе алатын болады. 48 ел бойынша жұмысты жазғы мерзімде іске қосатын боламыз және оның қаншалықты қауіпсіз болатынын байқап, оны жетілдіретін боламыз", - деп түйіндеді ол.

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 5

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .