Финансы
259410 Төңкерілген пирамида секілді бұл құрылғының әлемде баламасы жоқ ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақ ғалымы "Бәйтерек" көпқабатты жел стансасын жасап шығарды

Төңкерілген пирамида секілді бұл құрылғының әлемде баламасы жоқ. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті  механика кафедрасының доценті  Төлеген Қонақбаевтың жетекшілігімен жасалған бұл шағын ғана көпқабатты жел электрстансасы  2011 жылы ұсынылды.Қазақ ғалымы "Бәйтерек" көпқабатты жел стансасын жасап шығарды

Төлеген Қонақбаев  елге қажетті  экологияға залалсыз, экономикалық  жағынан тиімді  қуат көздерін  пай­да­лануда қажетті  инновациялық серпінді бағыт­­тарға баулуды өзінің міндеті деп санайды. Оның төңкерілген пи­ра­мида  секілді  жел  электрстансасының макеті  назарды бірден аударған болатын. Себебі  ол осы уақытқа дейін  көзіміз кө­ріп жүрген  желдеткіш секілді  жел қуа­тын  беретін құрылғыларға мүлдем ұқ­са­май­ды.

– Бұл – "Бәйтерек" жел эл­ек­тр­стансасы, – деп таныстырды ол  макетті. – Осы уа­қыт­­қа дейінгі көріп жүрген  жел эл­ектр­­стансасынан мұның айырма­шылы­ғы – көпсатылылығында.  Жалпы,  ауадағы жел  барлық тұста бірдей тұрып тұрмайтыны белгілі. Мысалы,  үстіңгі қабатта  оның қуаты жоғары немесе төменгі қабатты қуат­­ты болып,  ортада тымық болуы әбден мүмкін. Көпсатылы  станса  сол жел  ағындарының бәрін ұстап, одан эн­ер­­гия алуға  бейімделген. Мына төменгі  саты­да орналасқан  турбинаны көріп тұр­сыздар ғой,  жел бағыты төмендеген кезде осы  турбиналар іске қосылады. Жо­­ғарылағанда үс­тің­гілері  жұмыс істей бас­тайды. Яғни барлық деңгейдегі жел қуа­ты пай­да­ла­ны­лады.

Ав­­тор­дың айтуынша, қондырғы   биылғы жаз айларында "Қазатомөнеркәсіп" Қара­ған­ды облысындағы Нұр поли­гонына  орнатылмақ. Тапсырыс берілген,  құрылғы Алматы маңындағы  "Массагет Плюс" зауытында жасалып, полигон­ға  жөнел­тіледі.

Басым бағыттар болып есеп­телетін инновациялық серпін­ді туын­дының жолы болып тұр деп айту­ға болады. Бұлай айтуымыздың да себе­бі бар. Өйткені көптеген ғалымдарымыз­дың жас­аған ғылыми жұмыстары па­тент­­­ке ие болғаннан кейін одан ары қарай аса алмай, сол қағаз бетінде қалып жатады.

Аталған қондырғыны жасау үшін Қо­нақбаев 15 жыл жұмыс істепті.

– Әрине, жалғыз істеген жоқпын. Жо­­баны  қашанда топ бірігіп жүзеге асы­ра­­­ды. Мына жобаға өзімнің бес сту­де­н­тім де қатысты. Студенттердің уни­вер­­ситет қабырғасынан  ғылымға қарай икемділерін  осындай болашағы бар жобаларға қатыстырып отырамыз. Себе­бі ер­теңгі күні біздің орнымызды баса ала­тын ізбасарлар қажет қой. Аталған жо­баға 20 млн теңге грант жеңіп ал­ғанбыз. Былай қарағанда, қомақты қаржы болып көрінгенімен, аздық етті. Әрине, осыған да  Аллаға шүкір дей­­міз.  Көп­­­сатылы жел стансасы жоба­м­ыз шет­ел­­дік  комиссия сарапшыларын­ың сы­ны­­нан да сүрінбей өтті. Шын­ын айт­сақ, олар мұндай әлемде бала­ма­­­сы жоқ  қон­дырғыға таңғалды, қазір патентіміз бар. Авторлық құқық та маған берілді. Енді оны  әлемде ешкім иелене алмайды, –  дейді ғалым.

Төңкерілген пирамида секілді жасал­ған "Бәйтерек" жел стансасы жел тұрмай тұрған кезде де өзінің қарамағындағы аймақты жарықпен, жылумен  үздіксіз қамтамасыз ете алады. Тымық күндері сол жиналған энергия іске қосылады. Мұны пайдалан­ғысы келетіндердің еш қам жемеуіне бо­ла­ды. Ол бес жыл­дан кейін  өзін-өзі ақтап,  30 жыл бойы үздіксіз жұмыс істейді.

Источник: Айқын
В статье: Новости Алматы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 20

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .