259403 Статистикалық мәліметтерге қара­ған­да, зейнетақы мөлшері жоғары ел­де... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Зейнетақысы жоғары елдердің тізімі жасалды

Статистикалық мәліметтерге қара­ған­да, зейнетақы мөлшері жоғары ел­дер қатарына Дания, Финляндия, Франция, АҚШ және басқа да дамыған елдер кіреді.

Зейнетақысы жоғары елдердің тізімі жасалды
Фото: gorod.tomsk.ru

Бұл елдерде зейнетақы мөлшерінің жоғары болуына зейнетақы жинақтау жүйесі тікелей әсер еткен. АҚШ және Еуропа елдерінің 80 пайызы осы жүйемен жұмыс істейді.

АҚШ-та зейнетақының орташа көле­мі $1200 (орташа жалақының 50 пайызы). Жалдамалы жұмысшылар зейнетақы қорына жалақының 7,5%-ын аударса, жұмыс беруші тағы сонша аударады. Кей мамандық иелері 15% өздері аударып отырады.

Жапонияда зейнетақы екі бөліктен – базалық (бар азаматтарға зейнет жасына толғанда төленеді) және еңбектік (жұмыскер мен жұмыс берушінің ай сайынғы теңдей аудырып отырған салымынан) тұрады. Орташа зейнетақы орташа жалақының 60 пайызын құрайды.

Ал Германияда жұмыс беруші мен жұмысшы жалақыдан зейнетақы қорына ай сайын теңдей 20,3 пайыз аударып отырады. Зейнетақы көлемі орташа жалақының 70 пайызына тең.

Ұлыбританияда, Францияда зейнет­ақы мөлшері орташа жалақының 50 пайы­зын құрайды. Ал Израиль елінде мем­лекеттік зейнетақы қоры жоқ. Оның орнына міндетті сақтандыру қоры жұмыс істейді.

Ол елде кәрілік бойынша төлене­тін зейнетақы орташа жалақының 16-24 пайызына тең екен. Алайда бұл елдерде барлық қызмет ба­ғасы да әлдеқайда жоғары.

Источник: Алаш Айнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 9

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .