Финансы
259139 Сауалнама жүргізген Antal Kazakhstan рекрутингтік фирмасы Қазақстан ко... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстан компаниялары қызметкерлерінің жалақысын көтеруді жоспарлап отыр

Сауалнама жүргізген Antal Kazakhstan рекрутингтік фирмасы Қазақстан компанияларының 88 пайызы 2013 жылы қызметкерлерінің жалақысын көтеруді жоспарлап отырғанын айтты.

Қазақстан компаниялары қызметкерлерінің жалақысын көтеруді жоспарлап отыр
фото: profinance.kz

Бұл туралы Millioner.kz порталы мәлімдеп отыр. Зерттеу жұмыстарына 142 компания қатысты. Antal Kazakhstan менеджері Анна Ковинская жұмыс берушілер кадр тапшылығы мәселесі туындаған тұста өздері ұсынып отырған сыйақы мөлшерлемесінің бәсекеге қабілетті болуын қадағалауға міндетті екенін алға тартты.

"Көптеген компаниялардың бюджетінде жалақының 7 мен 18 пайыз жылдық индексациясы бар. Сондай-ақ, кейбір жұмыс берушілер қызметкерлерге басында-ақ ақшаның құнсыздану деңгейіне байланысты жыл сайын өтемақы мөлшерінің қайта қаралып отыратынын ескертеді",-деді менеджер.

Компаниялардың көбі жұмысшыларының еңбекақысын көтеруге уәде етсе, кейбірі өтемақының өсуі қызметкердің жұмыс жасау сапасына байланысты деп отыр.

Источник: BAQ.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 6

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .