Финансы
259114 Жобасын 2 жыл бойы әзірлеген оқушыны Ресейдің техникалық университеттері шақыруда ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Атыраулық оқушы зымыран жанармайының жаңа түрін ойлап тапты

Атырау техникалық гимназиясының оқушылары Гауһар Зәйденова мен Аяжан Жолдасқали Байқоңырда өткен ғарышты зерттеу бойынша IX Халықаралық ғылыми жарысқа қатысып, сыйлықтарға ие болды.Атыраулық оқушы зымыран жанармайының жаңа түрін ойлап тапты

Бұл туралы "Ақ жайық" басылымы хабарлап отыр. Гауһардың ғылыми жұмысы Ресей ғалымдарының да қызығушылығын оятты. Жарысқа қатысушылардың жұмыстары кейін қайтарылса, оқушы қыздардың зерттеулерін әрі қарай байқап білу үшін ұйымдастырушылар өздерінде қалдырып отыр.

"Оқушы қыз зымыран жанармайының жаңа түрін ойлап тапты",-деді басылым. Түрлі олимпиадалардың жеңімпазы бұл жобасын 2 жыл бойы әзірлеген екен. Зерттеу жұмыстарын жүргізді, кітапханаларға жиі барып, интернет-дерек көздерін қарастырды.

Қазақстанда жоқ кітаптарды шетелден алдырып, материалдарды ағылшын тілінен қазақшаға аударды. Бірініші орынды иеленген Гауһар ҰБТ тапсырудан босататын арнайы сертификатқа ие болды. Бүгінде дарынды оқушы қыз Қазақстанның кез келген жоғарғы оқу орындарына түсе алады. Оған тіпті бірнеше ресейлік техникалық ЖОО-дан шақыртулар келіпті.

Алайда, әкесінің пікіріне құлақ асқан Гауһар оқуын ҚБТУ-да жалғастыруды мақсат етіп отыр. Ал оны тәмамдаған соң, шетелде оқуын жалғастырмақ ниетте.

10 сынып оқушысы Аяжан Жолдасқали "ғарыштық медицина" бағытына қызығушылық танытады. Құрбысы секілді ол да емтихан тапсырмай, еліміздің кез-келген университетіне түсу мүмкіндігіне ие болды.

Источник: Ак Жайык

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 63

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .