Финансы
258864 Президенттің "батасын" алған монополистерге кім тұсау салады? ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Коммуналдық төлемдерді көтеру әлеуметтiк ахуалдың ушығуына әкеп соқтырады

“Коммуналдық қызмет ақысын көтеру керек”. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аузымен айтылған бұл мәлiмдеме онсыз да жүгенсiз кеткен монополистерге жақсы сылтау болғалы тұр деп жазады "Жас Алаш".Коммуналдық төлемдерді көтеру әлеуметтiк ахуалдың ушығуына әкеп соқтырады

Президенттiң “батасын” алған олар ендi еш қымсынбастан елге қымбатшылық қамытын кигiзетiнi түсiнiктi. Сонда коммуналдық төлем­дердi не үшiн қымбаттату керек? Президенттiң қисынына салсақ, бұл халықты үнемшiлдiкке тәр­биелеудiң жолы көрiнедi. “Бiзде ешкiм жылу, жарық, суды үнем­демейдi. Себебi тарифтер тө­мен. Оларды көтеру керек, сонда ғана ел оның құнын түсiнетiн болады”, – дедi президент.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы елдегi тарифтер құны ТМД мемлекеттерiмен салыстырғанда төмен екенiн алға тартты. Мәселен, Грузияда электр энергиясы кВт-ның бағасы бiздегiден бес есе жоғары.

Әлдебiр тарифтi көтерместен бұрын “өзге елде бұл бiзде­гi­ден қымбат” деген себептi жа­мылудың жөн-жосығы жоқ. Себебi қандай да бiр тариф өзге елде арзан болуы мүмкiн, ал бiрақ сатып алу қабiлетiнiң тепе-теңдiгi әр елде әртүрлi. Мұны әлiптi таяқ деп танитын кез келген экономист жақ­сы бiледi.

Олай болса, ТМД ел­дерiне сiлтей беру еш қисынсыз. Сонымен, бұған дейiн монополистер тариф құнын көтермес бұрын үкiметке есеп берiп, оның себептерiн негiздеп түсiндiретiн. Ендiгi кезекте әлгiлер үкiметке жалтақтамай-ақ президенттiң мәлiмдемесiн желеу етiп тарифтi шарықтатып жiбере ме деген қауiп бар.

Экономист Қанат Берентаев президенттiң сөзiн дайындап берген спичрайтерлер мемлекет басшысын аяқтан шалды деп есептейдi.

“Бiрiншiден, Қазақстан – әлеуметтiк мемлекет. Ал электр энергиясы – осы саясаттағы маңызды құрамдас бөлiктердiң бiрi. Сондықтан электр энергиясы қымбаттаса, оның салдары үлкен шығынға әкеп соқтырады. Себебi басқа тарифтер де қымбаттайды. Ал бұл әлеуметтiк ахуалдың ушығуына әкеп соқтырмақ”.

Жылу, жарық, судың бағасы жыл сайын көтерiледi. Саяси шешiмдер институты жүргiзген зерттеудiң нәтижесiне сүйенсек, бұл мәселе қазақстандықтардың 52 пайызын қатты толғандырады. Егер коммуналдық төлемдер жылына бiрнеше мәрте көтерiлетiнiн ескерсек, аранын ашқан монопо­листердiң тәбетiне қай уақытта тоқтам болмақ? Егер бұлай кете берсе, ешқашан. Өйткенi монополистер әр уақытта инвестицияның құрамдас бөлiгiн сылтау етедi.

Яғни, өндiрiс шығындарын алға тартып, соның есебiнен бағаны көтередi. Тарифтердi өсiргенiмен, одан өндiрiс шығыны өзгермейдi. “Бастапқыда тарифтердi көтергеннен өндiрiс шығыны өзгеруi мүмкiн. Бiрақ бiр жылдан кейiн ол баяғы таз қалпына, 10 пайыздық деңгейге қайта айналып түседi. Себебi инфрақұрылымның бәрi тозған. 1948 жылдан берi жаңартылмаған. Өндiрiстi жаңартып, модернизация жүргiзбейiнше, бұл проблемадан қашып құтылмаймыз”, – дедi Берентаев.

Сонда осы уақытқа дейiн “инвестицияның құрамдас бөлiгiн жақсартамыз, инфрақұрылымды жаңартамыз” деп бағаны өсiрген монополистер халықтан жиған қаржыны қайда жiбердi?

Экономистiң ойынша, акционерлер бұл ақшаны өз қалтасына басты. “Компаниялардың есебiнен мұны анықтау мүмкiн емес. Себебi заңдық тұрғыда бәрi дұрыс. Ал былайша, бұл сома бонус пен дивидендке айналып, қалтаға кеттi. Оның үстiне бiзде жемқорлық та жоқ емес. Мемлекеттiк мил­лиард­таған доллар жымқырылады. Мысалы, Қазақстаннан 40 миллиард доллар капитал шетел асыпты деген Бүкiләлемдiк банктiң статистикасы бар. Ал менiң есептеуiмше, бұл сома одан да көп. Шамамен 300 миллиард долларға жетеқабыл”.

Источник: Жас Алаш

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 22

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .