Финансы
258849 Қазақстан Қашағандағы ConocoPhillips Америка мұнай компаниясының үлесі... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстан Америка мұнай компаниясының үлесін еншілеуі мүмкін

Қазақстан Қашағандағы ConocoPhillips Америка мұнай компаниясының үлесін еншілеуі мүмкін. Қытайға қайта сату құқығы бар Қазақстан тарапы әлі де шешім қабылдамаған.

Қазақстан Америка мұнай компаниясының үлесін еншілеуі мүмкін
Фото: nashaagasha.org

Десек те, басшылық сатып алу мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Бұл туралы ҚР Мұнай және газ Министрі Сауат Мыңбаев мәлімдеді. Қытай тарапы қызығушылық танытып отырғанымен, келесі қадам үлесті сатып алу шарттарына байланысты болмақ. Қ

ытай жоспарлаған мұнай өнімін жеткізіп жатқан жоқ, сондықтан, жақын жердегі үлесті еншілеу ұтымды ұсыныс. Осы арқылы Қытай елі қара алтын тасымалын толықтыруы ықтимал. Егер Қытай үлесті иеленсе, Қазақстан сатып алушы тарапқа бірқатар шарттар қоятыны анық. Ал, басқа акционерлер ешқандай ресми мәлімет жасамаған.

Солтүстік-Каспий жобасындағы СonocoPhillips-тің 8,4% үлесін сатып алуға құқылы Қазақстан басшылығы бұл мәселені мамыр айының 25-іне дейін бір жақты ететіндерін жеткізді. Ал, аталмыш келісім құны 5 млрд. долларға бағаланған.

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 2

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .