Финансы
258538 Ел тұрғындары өздерінің еңбегін қаншаға бағалайтынын жеткізді ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстандықтардың басым бөлігі 75-150 мың көлеміндегі жалақыны армандайды

Білім және ғылым саласы мамандарының тек 2%-ы ғана еңбектерінің ақысын 400 мың теңгеге бағалады.Қазақстандықтардың басым бөлігі 75-150 мың көлеміндегі жалақыны армандайды

Кәсіби мереке қарсаңында "Headhunter Kazakhstan" зерттеу орталығы білім және ғылым саласының еңбек нарығында зерттеу жүргізді. Сауалнамаға қатысқандардың 66%-ы 75 мыңнан - 150 мыңға дейінгі жалақыны қанағат тұтады.

Осы кәсіптен нәсібін тауып жүргендердің 20%-ы бір айлық жалақылары 150-200 мың теңге болса дейді. 8%-ы - 200-300 мың теңге, 4%-ы - 300-400 мың жалақы қаласа, сұралғандардың тек 2%-ы ғана еңбектерін 400 мыңнан жоғары бағалаған.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, еліміздің Білім және ғылым саласындағы мамандардың басым бөлігін нәзік жандылар құрайды. Жас ерекшеліктерін де зерттеп көрген мамандар, бұл салада жастардың саны артқанын байқады.

43%-ы - 26-35 жас, 29%-ы - 22-25 жас аралығындағылар. Қалғандары – жоғары буын өкілдері.

Источник: 24.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 22

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .