258016 Жер телімін сатып алу жолы біраз жеңілдейді. Осыған дейін құжат рәсімд... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Жер телімін сатып алу жолы біраз жеңілдейді

Жер телімін сатып алу жолы біраз жеңілдейді. Осыған дейін құжат рәсімдеуге жылға жуық уақыт кетіп, бақандай 35 мекемеге бару керек болатын.

Жер телімін сатып алу жолы біраз жеңілдейді
Фото: oookonsultant.ru

Енді бір ғана орталық жұмыс істейтін болды. Мамандар құжат рәсімдеудің өзі 18 кезеңнен тұратынын айтты. "Сиырқұйымшақтанып" кеткен істі қысқарту үшін, мемлекеттік органдардың төрт көзі түгел жиналды. Ұсыныстарын хаттады.

Іргедегі Ресей мен Украина, арысы Сингапур сынды елдердің тәжірибесі сараланып, енді жер сатылымын бір ғана мекемеге жүктеу ұйғарылды. Жерді алуға өтініш бергендер бір рет қана құжат өткізіп, сол орталыққа нәтижесін білуге бірақ келеді. Жауапты министрлік мамандары жұмыс тобын құрып, бір-екі айда жаңа бастама толық пысықталады деп сендірді.

Қайырбек Өскенбаев, өңірлік даму вице-министрі:

- Бір жерден арызын тастап кетіп, сол бір жерден түгел құжаттарын алу мәселесі. Қалғанын мемлекеттік органдар өздері бір-бірімен қатысып, бір- бірінен рұқсат сұрап, қандай тиімді құжаттар керек екенін, қандай тізімдер керек екенін өздері жинап, ана кісіні жүгіртпей, соны неғұрлым тез орындап, қайтарып беру керек.

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 8

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .