257629 Еліміздегі зейнеткерлердің 70 пайызын әйелдер құрайды ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстандағы ең жоғарғы зейнетақы 67 мың теңгені ғана құрайды

Қазақстан зейнетақы реформасының жаңа жобасын 2013 жылдың маусым айынан бастап енгізу жоспарланған.

Қазақстандағы ең жоғарғы зейнетақы 67 мың теңгені ғана құрайды
Фото: vpered.kz

Бүгінде елді алаңдатып жүрген көкейтесті мәселелердің бірі – Зейнетақы жүйесін модернизациялау. Осыған орай ҚР "Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Заң жобасының жаңа редакциясы ұсынылған болатын. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз брифингінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Тамара Дүйсенова әңгімелеп берді.

Зейнетақы жүйесін модернизациялау мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады. Ендігі кезекте, ҚР жаңа редакциялы "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңына сәйкес, барлық зейнетақы активтері Ұлттық Банкінде сақталатын болады. Жинақтаушы зейнетақыны сақтау кепілін акционері ҚР Үкіметі болып табылатын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарнасының есебінен жинақтаушы зейнетақыларды шоғырландыру жолымен қамтамасыз етіледі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры "МЖЗҚ" базасында акционерлік қоғам түрінде құрылатын болады.

Қолданыстағы 10 жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты айтатын болсақ, олар басқарушы компанияға, болмаса тек қана ерікті жинақтаушылармен жұмыс жасайтын зейнетақы қорына айнала алады, болмаса ерікті түрде жойылып, нарықтан шыға алады. Ұлттық банк ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін пруденциалды реттелуін жүзеге асыратын болады.

Жұмысшылардың міндетті зейнетақы жарнасына қосымша еңбек төлем қорынан 5 пайыз көлемінде міндетті кәсіби жарнасын енгізу ұсынылуда.

Сонымен бірге, жұмыс берушілер зиянды өндірісте еңбек ететін тұлғаларға жататын өндіріс түрі бойынша ғана міндетті кәсіби зейнетақы жарнасына аударады. Зиянды өндірісте еңбек ететін жұмысшылардың мамандықтарының тізімі және өндіріс тізбесі Үкіметпен бекітілетін болады және мерзімде қайта қаралады (135 мың адамға болжам).

Қазақстандағы ең жоғарғы зейнетақы мөлшері 2013 жылы 67509 теңгені құрайды. Минималды мөлшері 19 066 теңге болып белгіленді.

Қазақстанда зейнеткерлердің жалпы санынан (1,8 млн адам) 1,235 млн немесе 70 пайызы әйелдерден құралады. Зейнетақы бағдарламасына мемлекеттік шығындар өсуде және соңғы бес жылда 363,6 млрд-тан 825,7 млн теңгеге дейін ұлғайды. Осы сомадан 70 пайызға жуығы әйелдердің зейнетақы төлеміне кетеді.

Егер ерлердің орташа зейнетақы төлемінің көлемі 43 606 теңгені құраса, әйелдер үшін 36 243 теңгені құрайды. Бір қатысушының орташа жинақтаушы зейнетақы көлемі 2013 жылы 376 мың теңгені құрады (ерлердің жинағы 439 мың, әйелдердің 325 мың теңге).

Егер ескеретін болсақ, әйелдердің зейнетке шыққан кейінгі өмір сүру мерзімі (20,84 жыл) ерлерге қарағанда біршама ұзағырақ (12,99 жыл) олай болса, әйелдерді адекватты зейнетақымен қамсыздандыру ықтималы аз. Зейнет жасын нормативті ұлғайту санның және жарна төлеушінің үлесінің өсуіне, зейнетақыны алуға құқығы бар тұлға санының төмедеуіне, яғни, табыстың ұлғаюына және зейнетақы жүйесінің қысқартылуына әкеледі.

Источник: BAQ.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 33

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .