257512 Бұл жөнінде бүгін Астанада өтіп жатқан БҰҰ Даму бағдарламасының Батыс ... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстанда 15 жылда халық табысы 16 есе өсті

Бұл жөнінде бүгін Астанада өтіп жатқан БҰҰ Даму бағдарламасының Батыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі адамзат дамуы туралы баяндамасының таныстырылымында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков мәлім етті.Қазақстанда 15 жылда халық табысы 16 есе өсті

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

"Бүгінгі күні Қазақстан жиырма бірінші ғасырда экономикасы қарқынды түрде дамып келетін елдердің ішінде үшінші орында. Және 2000 жылдан 2012 жылға дейін адамзат дамуы индексі жоғарылап келеді. Қазақстан бүгінде бұл көрсеткіш бойынша жоғары деңгейдегі елдердің қатарында", - деді Алексей Волков.

Оның айтуынша, тәуелсіздіктің 22 жылы ішінде Қазақстан транзиттік экономикадан жан басына шаққандағы табыс деңгейі орташа көрсеткішке жеткен мемлекетке айналды.

"15 жылда халықтың табысы 16 есе өсті. Бүгінде Қазақстанның даму стратегиясы бірінші кезекте әрбір азаматтың әл- ауқатын жақсартуға бағытталған. Бұл стратегияны қаншалықты сәтті жүзеге асырсақ, соншалықты еліміздің адамзаттың даму индексі де жоғары болады", - деп толықтырды ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 6

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .