Финансы
257133 Олардың декларацияларының жарамдылық мерзімі аяқталды ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қырғыз көліктері түгелдей Қазақстан аумағынан қуылады

Қырғыз елінің автокөліктері түгелімен Қазақстан аумағынан шығарылады.

Қырғыз көліктері түгелдей Қазақстан аумағынан қуылады
Фото: news.delovoimir.kz

Бүгін Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті мен Ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасы бірлесіп, "Кедендік шығарып салу" тәртібі жүргізілді.

Кеден қызметкерлерінің айтуынша, қырғыз көліктерінің елімізде жүруіне рұқсат беретін арнайы декларациялар болады. Ал, жүргізушілердің көбінде бұл құжат түрінің жарамдылық мерзімі әлдеқашан аяқталыпты.

Осыған орай, бүгін 20-ға жуық автокөлік, Қырғыз мемлекетіне қайтарылады. Дегенмен, жүргізушілердің бұл көліктерді сол жақта сатып, ақшасын өндіріп алуларына мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта кеден заңнамаларын бұзғаны үшін, 156 іс қалалық сотта қаралып жатыр.

Мамандар "Елімізде қырғыз автокөліктерінің көптеп келуіне, сол жақтағы көлік бағасының төмендігі себеп", - дейді. Алайда, олардың арасында заңсыз шекарадан өткендері де аз емес.

Айдын Мырзаханов, Алматы қаласы бойынша КБД-нің контрабандаға қарсы күрес басқармасының бас маманы:

- Жамбыл облысының Қордай кедені бойынша өтіп, сол жерде жаңағы Қырғызстан Республикасының азаматы, иесі осы машинаны шекара арқылы заңды өткізіп беріп, Қордай ауылынан бастап, бері қарай, Қазақстан азаматының қолына тигеннен кейін бұл заңсыз болып келіп жатыр. Сондықтан, бұл машиналардың бәрін депортациялау шаралары жүргізілуде.

В статье: Новости Алматы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 47

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .