Финансы
257074 Белгілі саясаттанушы компанияға қазақ ұлттық асханасының тағамдарын қосуға кеңес берді ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

"Эйр Астана" борт мәзіріне қазақтың ұлттық тағамдарын қоспақ

"Эйр Астана" өздерінің борт мәзіріне қазақтың ұлттық тағамдарын қосуы мүмкін. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеп отыр."Эйр Астана" борт мәзіріне қазақтың ұлттық тағамдарын қоспақ

"Эйр Астана" әуе компаниясы қазақтың ұлттық тағамдарын, сондай-ақ, құртты борт мәзіріне енгізу туралы ұсынысты қарастырып жатыр. Алайда, Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық орталығы бекіткен шектеулер қатары мәселені біршама күрелендіруі мүмкін", - деді баспасөз қызметінде.

Бұған дейін саясаттанушы Айдос Сарым Қазақстан әуе компанияларына борттың тамақтану рационына қазақ ұлттық асханасының тағамдарын қосуға кеңес берген болатын.

"Ұшақта отырғанымда карамельдің орнына немесе карамельмен қосып неге құрт бермейді екен деп ойладым", - деген болатын саясаттанушы.

"Эйр Астана" баспасөз-қызметінің қызметкерлері бортқа тек сапа сертификаттары бар тағамдар ғана жіберілетінін айтты.

"Борт мәзірі 10 күн сайын жаңартылып отырады. Мәзір әуе компаниясы қызметкерлерінің қатаң бақылауымен әзірленеді", - деп толықтырды олар.

Источник: BAQ.KZ
В статье: Новости Астаны

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 20

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .