Финансы
256555 Қазақстандықтар 63 жастан бастап зейнеткерлікке шығып, қарттықтың дәмі... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстандықтар зейнеткерліктің дәмін бар-жоғы алты жарым жыл татады

Қазақстандықтар 63 жастан бастап зейнеткерлікке шығып, қарттықтың дәмін бар-жоғы алты жарым жыл ғана татады екен.

Қазақстандықтар зейнеткерліктің дәмін бар-жоғы алты жарым жыл татады
Фото: ru.tsn.ua

Қазақстан тұтынушылар одағы әлем халықтарының зейнеткерлік жасы туралы сараптама жүргізіп, осындай қорытынды жасап отыр. Ал экономистер болса, "жасты ұлғайтудың орнына инфляцияны ауыздықтауға күш салу керек", - дейді.Жаңа реформа жайлы жаңалықты естіген Қазтұтынушылар одағының қызметкерлері жуырда мынадай зерттеу жүргізіп, жағаларын ұстапты. Біздің қариялар бейнетінің зейнетін көріп үлгере алмай, көбісі ерте көз жұмады екен. Мәселен, әлем бойынша зейнеткерлік шақтың рахатын сингапурлықтар ұзағынан көретін көрінеді. Олар шамамен 21 жыл зейнетақы алып, мамыражай өмір сүреді.

Тізімді онан кейін ұлыбританиялықтар мен гректер және өзбектер жалғастырған. Сонан кейінгі сатыға беларусиялықтар мен америкалықтар және түркімендер жайғасқан. Ал біздің ел ескі заң бойынша, зейнекерлік шақта 9 жылдан аса өмір сүрсе, енді жаңа заң бойынша, Ресейден кейінгі 10 орынға жайғасып, қарттықтың дәмін 6 жарым жыл ғана татады екен. "Егер де ұлғайтқан күннің өзінде де, онда біздер әйел азаматтарымыздың жалпы зейнетке шығуға дейінгі жасқа дейін өмір сүреді ма, жалпы жете алады ма, жете алмайды ма? Бұл біріншіден. Екіншіден, Қазақстанда 40 жастан асқаннан кейін, 50 жастан асқаннан кейін біздің әйел азаматтарға жұмыс жасау қиын болады. Жұмыс берушілер жастарды алуға талап қойып отырады", - дейді "РЕЙТИНГ КZ"  зерттеу агенттігінің директоры Дәурен Сәкен.

45 жыл дәрігер болып қызмет атқарған Күләш Байысова қазір 63 жаста. Ол жұмыс істеп, қоғамға пайда келтірмек түгілі, өзінің шәйін әрең қойып ішеді. Сондықтан "мұндай жаста еңбек ету ақылға қонымсыз" деп отыр.

"Балаларыма қарау да қиын, немерелеріме қарау да қиын. Далаға кіріп-шығу де қиын. Өйткені, 50-ден асқаннан кейін ол "әйелдің қырық жаны" дейді, ол асқаннан кейін бейнет істегеннен кейін ол бейнет бойды алып кетеді. Күш-қуатты алып кетеді. Өте қиын 63 жасқа дейін бұл аналар қалай жұмыс істейді? Қатты қиналам да, және қарсымын да", - дейді ол.

Еліміздің ең білікті экономистерінің бірі Арыстан Есентүгелов те Г.Марченконың мұндай бастамасына наразы. Сондықтан "зейнетақы қорларындағы қаржыны тезірек айналымға түсіріп, табыс тауып, қарт аналарды қиындықтан құтқаруға болады" дегенді айтады:

"Ол әйелдерге оңай нәрсе ме екен? Шешелерінен сұрасын әрқайсысы өзінің. Ол "әйелдерді көтеріп, пайда тауып, Үкіметтің тесігін жабам" деген сөз ол  сандырақ сөз.  Оның жолы оп-оңай. Инфляцияны 20 жылдың ішінде неге түсіре алмайды 3 процентке, Сол Г.Марченко? 3 процентке түсірсе онда мынау жеке бизнестің барлығы зейнетақы қорынан ақша алады. Сосын оған табыс кіреді, кіріс кіреді".

Десе де, кей сарапшылар мәселенің екінші қырына үңіліп отыр. "Барлық шығынды бір бюджеттің мойнына іліп қойсақ, болашақта қиындықтарға тап болуымыз мүмкін" дегенді алға тартады.

Источник: 7 канал

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 8

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .