Финансы
256503 Тура бір айдан кейін Астана-Шортанды бағытындағы  тас жол ақылы болады... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

"Астана-Шортанды" тас жолы 1 мамырдан бастап ақылы болады

Тура бір айдан кейін Астана-Шортанды бағытындағы  тас жол ақылы болады. Оған әзірлік жұмыстары аяқталып, жаңа жоба іске қосылуға дайын тұр.

"Астана-Шортанды" тас жолы 1 мамырдан бастап ақылы болады
Фото: sg.123rf.com

Көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев үкімет сағатында айтқан бұл жаңалығы депутаттардың көңіліні көншіткен жоқ. Өйткені жобаның шикі тұстары көп болып шықты.

Әзірге жүргізушінің жүріп өткен әр шақырымға қанша төлейтіні белгісіз. Бұған дейін оның құны жеңіл көліктер үшін 5 теңге, ал жүк көліктері үшін 20 теңгеге дейін болуы мүмкін делінген. Бүгін депутаттардың кейбірі бұл бастаманы сынға алды. Айтуларынша, оны іске қосу дұрыс емес. Өйткені тегін жүруге арналған балама жол жоқ.

ЖЕКСЕНБАЙ ДҮЙСЕБАЕВ,  ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "НҰР ОТАН" ХДП: - Ақылы жол болуы үшін баламалы жол болуы керек қой. Бірақ өкінішке орай, ол бұл тас жолда жоқ. Халықаралық стандарттарға сәйкес "баламалы жол болмаса, онда ақылы төлем болмайды" деген сөз.Бұған қарамастан, бір айдан соң жол ақылы болады. Жоба бойынша белгілі бір аймақ тұрғындарына жеңілдіктер қарастырылған көрінеді.АСҚАР ЖҰМАҒАЛИЕВ,  ҚР КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ МИНИСТРІ: - Жолдың қасында тұратын адамдарға 50 пайыз жеңілдік болады. Сосын бір аудан шегінде жүретін кезде тегін жүретін төлем болады.Осылайша жүруге жайлы алты жолақты алғашқы жол ретінде танылған "Астана-Щучье" автобаны енді алғашқы ақылы жол ретінде де есте қалмақ. Өйткені болашақта еліміздегі басқа бағыттағы жолдарды да ақылы қылу көзделіп отыр. Демек, ақылы жолдан түскен табыс оны салуға және жөндеуге кететін қаржыны қайтарып алу үшін жұмсалады.

Источник: 7 канал
В статье: Новости Астаны

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 10

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .