256383 Бұрын "әлем жаңалықтары" атты айдардан көп естіп-білетін "әуе апаты" д... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Көлік министрі: Әуе апаттарының көбіне адам факторы себеп болған

Бұрын "әлем жаңалықтары" атты айдардан көп естіп-білетін "әуе апаты" деген қаралы хабар қазір айтылса, қазақстандықтар демін ішіне тартып, қорқынышпен құлақ түреді.Көлік министрі: Әуе апаттарының көбіне адам факторы себеп болған

Рас, өкінішке қарай, соңғы бір-екі жылда Қазақстанда құлаған, апатты жағдайда қайта қонған, жоғалып, күлі ғана табылған тікұшақ пен ұшақтар саны көбейіп кетті. Бүгін Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев "министрлік қызметінің маңызды бағыттарының бірі - авиация саласында ұшу қауіпсіздігі мәселесі" екенін мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

"Соңғы бес жылда, 2008-2013 жылдары 21 төтенше әуе оқиғасы орын алған. Бұл жерде үш факт техниканың бұзылуынан, тағы үш оқиға ауа райының қолайсыздығы мен құстардың кедергі келтіруінен, ал 15 факт ұшу ережелерінің бұзылуынан, яғни адам факторынан болған", - деді министр депутаттар алдында.

Министр айтып өткендей, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мамандардың жетіспеушілігі, еңбекақының аздығы, біліктіліктің төмендігі және авиациялық инспектор мәртебесінің жоқтығы – кезек күттірмей қолға алатын проблемалар. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мамандардың жетіспеушілігі, еңбекақының аздығы, біліктіліктің төмендігі және авиациялық инспектор статусының жоқтығы сияқты мәселелерді шешу мақсатында биыл авиация әкімшілігінің жаңа құрылымы болады.

Азаматтық авиация комитетінің штаты 65 адамға көбейеді. Оның ішінде авиация мамандарының қатары 80 пайызға, инспекторлар 40 адамға артып, олардың жалақысы көбейеді", - деп сендірді министр. Кенжекей Тоқтамұрат

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .