Финансы
256064 Ресей Байқоңыр тұрғындарының баспана мәселесін шешуге сөз берді. Осы о... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Ресей Байқоңыр тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етеді

Ресей Байқоңыр тұрғындарының баспана мәселесін шешуге сөз берді. Осы орайда көрші ел Қазақстанның инфрақұрылымдық және баспана салу жобаларын қаржыландыруды көздеген.Ресей Байқоңыр тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етеді

Бұл туралы "Байқоңыр" кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы отырысында РФ-ның бірінші вице-премьері Игорь Шувалов мәлімдеді. Келелі кездесуде екі ел тарапы маңызды үш мәселені баса айтты.

Бірінші кезекте ел президенттерінің "Байқоңыр" кешенін бірлесіп пайдалану жөнінде Жол картасын дайындау жобасы болды. Ресей-Қазақстан мүддесін ескеретін келісімдік-құқықтық базаны жетілдіру жұмыстары жемісті жүргізілгенімен, жаңа базалық құжаттың қажеттілігін де Шувалов жасырмады.

2013 жылы Байқоңырдан ұшырылатын зымыран-тасығыштар бойынша екі ел толық уағдаласқанын да Ресей тарапы тілге тиек етті.

Айта кетейік, Астана уақыты бойынша 02 сағат 43 минутта "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Союз ТМА-08М" көлік кемесі сәтті ұшырылды. Он минуттан кейін жарты жылдық экспедицияға аттанған ғарыш кемесі жер маңы орбитаға шықты.

В статье: Новости Астаны

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 6

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .