256025 Балқаш көлі 20 жылдан соң көлшікке айналып кетуі мүмкін. Депутат Ғани ... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Балқаш көлі 20 жылдан соң көлшікке айналып кетуі мүмкін

Балқаш көлі 20 жылдан соң көлшікке айналып кетуі мүмкін. Депутат Ғани Қасымов осы жәйтке алаңдаулы.Балқаш көлі 20 жылдан соң көлшікке айналып кетуі мүмкін

Сенат отырысында "Қазақстан мен Корея Үкіметтері арасындағы "Балқаш" жылу электр стансасын дамыту туралы" Заң жобасы талқыланған.

Қасымов келтірген мәліметтерге сүйенсек, жылу электр стансасы Екібастұзда өндірілген көмірді тұтынады. Жылына 4 миллион тонна көмір жақса, сыртқа шығарылатын қалдық мөлшері 2 миллион тонна болатынын да депутат есептеп шығарған. Ал мұнша күл қоқысты қайта өңдеу үшін, 5 жаңа зауыт салынуы қажет.

Ғани Қасымов Балхаш көлінің болашағы зор, керемет әсем орын екенін айтады. Таяу болашақта мұнда халықаралық демалыс орны салынады деген жоспар да бар. "Алайда ЖЭО салынып біткенде, бұл арман көзден бұл-бұл ұшады", - деп қауіптенеді ол.

"Балқаштың болашағы осыған тікелей қатысты. Ондаған мың метр қашықтықтан ондағы ахуалдың күрделі екендігі көрініп тұрады. Онсыз да бұл аймақ өндіріс ошақтарының көптігінен зардап шекті, алдағы уақытта мүлде тұралап қалмақ. 20 жылдан соң көлдің орнында алақандай су ғана қалады, сонда таң қалмаңыздар", - дейді сенатор.

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 5

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .