Финансы
255508 Қарапайым алмаға бүрісіп, үсіп қалмауы үшін пингвиннің гені енгізіледі ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қазақстандағы "халал" шынында да адал ма?

Еуропада "халал" өнімдерден шошқа еті табылып, оны өндірушілерге қатысты "алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстанда да халалдың "халалдығына" күмән келтіретіндер бар.

Қазақстандағы "халал" шынында да адал ма?

Еуропа елдерінің билігі жылқы етіне қатысты даудан кейін, өздері тұтынып отырған еттің барлығына сараптама жасап жатыр. Әуелгі шудан соң жасалған соңғы соңғы сынақтар кезінде сиыр етінде жылқы ДНК-сы табылмады. Бірақ Ұлыбритания мен Норвегияда "халал" деп сатылып жатқан еттерде 50 пайыздан артық шошқа еті анықталып отыр.

Алдымен ұлыбританиялық ғалымдар "халал" деп ұсынылған сиыр және құс етінен шошқаның ДНК-сын анықтаған. Лондондағы Вестминстер аудандық кеңесі мұндай еттің мұсылман оқушылар оқитын мектепке жеткізіліп келгенін хабарлады. "Әл-шарк әл-аусат" басылымының жазуынша, тергеу жұмыстары аяқталғанға шейін мектептерге аталған өндірушінің өнімін жеткізу тоқтатылған.

Ал наурыз айында Норвегияда шошқа еті фаст-фуд пен пиццаға арналған еттен табылған.

"Бұл айтарлықтай заң бұзушылық болғандықтан екі компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар "халал" өнім деп шошқа етін өндіріп келген Kuraas және "100 пайыз сиыр еті" деп сатып келген өнімінің 60 пайызынан көбі шошқа еті екені анықталған Norsk Mesterkjoett компаниялары" деді Норвегиядағы азық-түлік қауіпсіздігі агенттігінің өкілі По Рангхильд Арнесен.

Ал норвегиялық азық-түлік қауіпсіздігі бойынша консультант Катрин Сигнесвиланд "Халал ет құрамында шошқа еті болмауы тиіс. Оның осыншама көп кездесуі – кездейсоқтық емес, барып тұрған алаяқтық" деген.

Алматы тұрғыны Хасан қазіргі "халал" деп сатылып жатқан өнімдердің барлығына бірдей сенбейді. Ол "халалдың" нағыз халал екенін анықтау үшін бірнеше әдіс ойлап тапқан."Шұжықтардың сыртында қанша "халал", "мұсылмандық" деп жазылып тұрғанына қарамастан, нағыз "халал" өнімде оның шығу мерзімі, оны шығарған өндірістің аты-жөні мен мекен-жайы толығымен жазылып тұруы керек. Өндірістерде жұмыс істеп жатқан мұсылман бауырлар арқылы қандай фирманікін алған жөн екенін естіп-біліп жатамыз. Ал жаппай "халал" белгісі бар өнімді ала бермеймін, сенбеймін", - дейді Хасан.

Ол, әсіресе, базар мен көпшілік жүретін қоғамдық орындардағы "Халал" деген белгі тіпті "күлкілі көрінеді" дейді.

Хасанның бұл сөздерін соңғы жеті жыл халал шұжықтар шығарумен айналысатын шағын кәсіпкер Саябек Хасенов те қолдайды.

"Кейбір өнімдерде аты-жөні де, мекен-жайы мен құрамы да жазылып тұрады. Ал оның сапасы – күдікті. Себебі Астанада мен білетін бір шұжық өндіруші компания бар. Аптаның алты күнінде шошқа араласқан шұжықтың түр-түрін жасайды да, жұма күні дәл сол цехта шошқа қосылмаған "халал" шұжықтар шығарады. Халал - тек шошқаның етінің болмауы емес, оның шариғат талаптарына сай болуы. Ал шошқа етін шығарған цехтан, қалай халал өнім шығуы мүмкін? Сондықтан адамдар ойланып алуы керек", - дейді ол.

Ол бұл мәселеге қатысты бірнеше рет сөз қозғаса да, "цех басшылығы өздерінің жұма күні цех толығымен тазартылып, шұжық шариғат талаптарына сай өндірілетінін" айтқан.

Қазір Қазақстанда "Халал" сертификатын алған 40-тан астам халықаралық, 500-ден аса қазақстандық мекеме бар. Кәсіпкер Саябек Хасеновтың сөзінше, соңғы кездері Қазақстанда "халал" өнімге деген сұраныс артып келе жатыр - бұл фактор табысты ойлайтын кәсіпкерлерді бейжай қалдырмайды.

"Халал" сертификатының сатылатынын "Қазақстан халал индустриясының ассоциациясы" да растады. Бірақ сертификат бергеннен кейін тексеріп, бақылап отырамыз дейді ассоциация мамандары.Аяулым Молдағалиева қазір тұтынып отырған азық-түліктердің құрамы "сан-алуан" болатынын ескертеді.

Қазір біз үшін гендік модификация деген күрделі жағдай пайда болды. Өнімге жануардың гені енгізіледі. Мәселен, қарапайым алмаға бүрісіп, үсіп қалмауы үшін пингвиннің генін енгізеді.

"Қазір біз үшін гендік модификация деген күрделі жағдай пайда болды. Өнімге жануардың гені енгізіледі. Мәселен, қарапайым алмаға бүрісіп, үсіп қалмауы үшін пингвиннің генін енгізеді. Пингвин - суда да, жерде де жүретін жыртқыш аң болғандықтан харам жануар, тиісінше ол алма да харам болып табылады. Әрине, біздің стандарттар бойынша барлық ГМО (гендік модификацияланған ағза – ред.) харам емес. Егер ГМО адал – рұқсат етілген жануардан енгізілсе, ол халал болып есептеледі", - дейді маман.

Халықаралық халал стандарттарының талаптары бойынша, өнімдегі қоспалардың барлығында: алкоголь, ГМО, шошқаның барлық компоненттері, "халал" стандартына сай емес түрде өлтірілген жануар еті, жыртқыш аң мен құс еті, улы заттар болмауы тиіс. Мәселен, Е120 бояғышы насекмомдардан алынады.

Шошқа желатині де халал стандарттары бойынша тыйым салынған затқа жатады. Егер құрамында улы және адамға зиян қоспалары болмаса, азық-түлік өніміне синтетикалық және химиялық қоспалар қосуға рұқсат етілген.

Источник: Азаттық
В статье: Новости Алматы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 29

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .