Финансы
255020 Астықты аймақ Қостанайда биыл бидай тұқымы тапшы. Өңір алқабына 580 мы... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Еліміздің бидайлы өңірінде биыл тұқым тапшы

Астықты аймақ Қостанайда биыл бидай тұқымы тапшы. Өңір алқабына 580 мың тонна дән себілуі тиіс. Бірақ соның 46 мың тоннасы жеткіліксіз.

Еліміздің бидайлы өңірінде биыл тұқым тапшы
Фото с сайта nash-dom.info

Өткен жылғы қуаңшылықтан көп зиян шеккен 520 шаруа енді республикалық және облыстық бюджеттен бөлінетін қаржыға үміт артып отыр. 

Төремұрат Өтепов өңірдегі ірі шаруалардың бірін басқарады. Ол – 15 жылдан бері егін егіп келе жатқан кәнігі дихан. "Былтырғы жылдың қуаңшылығы биыл қостанайлық шаруалардың қолын байлап отыр", – дейді.

Тұқым тапшылығын, әсіресе, оңтүстік аудандарда байқалып отыр. Оларға көмек ретінде ағымдағы жылы облыстық қазынадан 250 млн. теңге қарастырылған. Яғни, әрбір тонна тұқымға 10 мың теңге бюджет есебінен төленеді. Қостанайлық шаруалардың дәл осылай қолтығынан демеп, қазынадан қомақты қаражат бөлу өңірде тұңғыш рет іске аспақшы.

Диқандар жетіспеген тұқымды артық астық сақтаған жергілікті шаруашылықтардан сатып алмақ. Мамандардың айтуынша, тексерістен өткен бидай тұқымдарының сапасы талапқа сай болуы шарт.

Қостанайлықтар биыл 5 млн. гектардан астам алқапқа дән себеді. Бірақ бидай ауқымы азайтылып, есесіне майлы дақылдар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 60 мың гектарға арта түспек.

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 2

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .