Финансы
254720 Енді "Эйр Астана" компаниясы жаңадан алынған Embraer 190 әуелайнеріне ... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Белгілі актрисаның есімі ұшаққа берілді

Енді "Эйр Астана" компаниясы жаңадан алынған Embraer 190 әуелайнеріне Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік және "Тарлан" сыйлықтарының иегері Әмина Өмірзақованың есімін берді.

Белгілі актрисаның есімі ұшаққа берілді
Фото: megatorrents.org

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол Астанадан Павлодар, Қостанай, Шымкент, Өскемен, Екатеринбор, Новосібір, Баку, Тбилиси, Бішкек, Орынбор, Омбы және Ташкент қалаларына қатынамақ.

"Біз ұшақтарға Қазақстан тарихы, өнері және мәдениетінде терең із қалдырған қазақ әйелдерінің есімдерін қою дәстүрін жалғастырудамыз. Бұл ретте біз ана бейнесін экранда зор күшпен сомдаған көрнекті актриса Әмина Өмірзақованы ұлықтап, оның есімін осы ұшаққа беруді ұйғардық, - дейді "Эйр Астана" АҚ-ның Сату және маркетинг жөніндегі вице-президенті Ибрагим Жанлыел.

Оның айтуынша, тікелей Бразилиядағы өндіруші-зауыттан әкелінген бұл "Embraer 190" ұшағы Эмбраер тобының жетінші әуе кемесі болып отыр. Алғашқы "Embraer 190" Қазақстанға 2011 жылдың наурызында әкелінген болатын. Оның жолаушы сыйымдылығы 97 орын.

Ең үлкен жылдамдығы - 890 км/с, ал ұшу алыстығы - 4200 шақырым. Енді жыл соңына қарай олардың саны 8-ге жеткізілмек. Сондай-ақ алты "Эрбас 320" және "Боинг 767" ұшақтары олардың әуепаркін толықтырмақ.

Источник: ИА "Казинформ"

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 6

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .