Финансы
254633 Монополистер енді тарифті өз қалауынша өзгерте алады ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Депутаттар монополистерден "халықты қанауын доғаруды" талап етті

Қазақстанда аймақтық монополистер енді тарифті өз қалауынша өзгерте алады. Ол үшін Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің рұқсаты да қажет емес.Депутаттар монополистерден "халықты қанауын доғаруды" талап етті

Бұл туралы үкімет сағатында агенттік басшысы Мұрат Оспанов мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы бір жылда бес жүзге жуық қызмет түріне еркіндік берілген. Тізгінделмес тарифтер жайындағы тақырыпты тілшіміз тарқатады.

Тарифтерді тізгіндеуге жауапты агенттік басшысының "тұтынушылардың құқығын барынша қорғап жатырмыз" деген сөзіне имандай сенді ме, үкімет сағатына қатысқан қалаулылар бастапқыда мінез көрсетпеді. Бірақ, Мұрат Оспановтың бір сырғы жауабы мезі етті ме, әлде халықтың жағдайы естеріне түсті ме,  кей депутаттар сұрақты төтесінен қойды.

"Көмірдің бір тоннасы 1200-1500 теңгеге өндіріледі. Ал ауылдағы халық оны 8500 теңгеге сатып алады. Халықты қанауды доғару керек шығар. Қашанғы қалтасын қаға береміз, мырзалар? Монополияны реттеу комитеті бүгінгі жиыннан нақты қорытынды шығаруы керек", - деді мәжілісмен Владислав Косарев.

Ал басқа халық қалаулысы "Энергетиканы халықтың есебінен дамытуға болмайды. Ақпан айында Болгарияда тарифтің өсуіне қарсы тұрғындар көтерілді. Соңғы 12 жылда коммуналдық төлемдер 3 есе өскен екен. Тіпті, кей тұрғындар өздерін өртеп жіберген. Ал бізде тариф 5 еседен көп жоғарылады", - деген пікірде.

Бірақ, депутаттардың ақылын тыңдай қоятын агенттік басшысы көрінбеді. Қайта ол бағаның қымбаттағаны бәріне тиімді, бірі үнемдеуді, екіншісі тозығы жеткен құбырларды ауыстырып алады дегенді алға тартады.

Монополистер өткен жылы, шамамен, 28 миллиард теңгеге инвестициялық бағдарламаларды іске асырып, 843 трансформаторды, 751 шақырым электр желісін, 34 шақырым жылу желісін, 21 трубина мен 29 қазандықты реконструкцияларды және күрделі жөндеуден өткізді.

Төлемдердің кезекті көтерілуін үнсіз қабылдайтын жалпақ жұрт амалдың жоқтығын айтады. Тапқан табысты қара су мен жылуға, электр қуатына санап беретін ел "тариф пен біздің жағдайымызды қоса көтерсе" екен тілекте.

Агенттік өткен жылы нормативтен тыс ысыраптарды төмендетіп, 1,7 миллиард теңге үнемдепті. Ал биыл ондай ысыраптар мүлдем болмайды деп алдына нақты мақсат қойған. Бірақ, олардың бұл үнемдеуі "тариф көтерілмейді" деген сөз емес.

Источник: 31 канал

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 41

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .