Финансы
252874 Төрткүл дүние көз тігетін "ЕХРО-2017" көрмесіне Сыр жұртшылығы қазірде... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Байқоңыр туристік аймаққа айналады

Төрткүл дүние көз тігетін "ЕХРО-2017" көрмесіне Сыр жұртшылығы қазірден дайындала бастады. Елордада өтетін мега-шараны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 5 миллионға жуық мейман ағылады деп күтілуде.Байқоңыр туристік аймаққа айналады

Бұл – егемен ел ішіндегі құндылықтарды жаһандық деңгейде паш етудің зор мүмкіндігі. Осы ретте зымыран ұшыруда теңдесі жоқ Байқоңыр кешені маңызды туристік нысан болмақ. Жер кіндігі Байқоңыр мен Елорда арасында әуе көпірі орнамақ. "Жұлдызды қалашықтың" жылдам дамуы жайлы "І Байқоңыр" инвестициялық форумында кеңінен айтылды. Байқоңыр – жеті қат көкке жол ашқан адамзат тарихындағы алғашқы ғарыштық айлақ. Әлем алпауыттары ғарышты игеруге жанталасқан бүгінгі заманның өзінде аспанға жол тартқан зымыранның 70%-ы осы жерден ұшырылады. Қазақ елі өткізетін халықаралық көрме қарсаңында Байқоңыр еркін экономикалық аймағын құру жобасы талқылануда.Сәбит ҚОЖАМЕТОВ, ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі:- Байқоңырдың сол "ЕХРО-2017" бағдарламасына кіргеніне бізде қуанышты болып отырмыз. Сол үшін қазіргі кезде Қазақстан мен Ресей бірдей атсалысып, осы жердегі инфрақұрылымдарды жаңартып, көп деген құрылыстарды салып, туризмнің көзін көтеруге атсалысып жатыр. Оның инфрақұрылымына бөлінетін ақша өте көп емес, 10 млрд.теңге. Ал инвесторлардың келуі 150 млрд.теңге болып есептеліп отыр. Тиімділігі өте жоғары. 148% кіріс, ол – өмірде естімеген бизнес. Сол үшін инвесторлардың өзі 1,5 млрд. АҚШ доллар тауып отырады.Данияр БЕКТІБАЕВ, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі комитет төрағасының орынбасары:- Индустрия және туризм комитеті бойынша Қазақстанда 5 кластер тағайындалған. Сол кластердің ішіндегі оңтүстік кластер бойынша Байқоңыр Қызылорда облысының негізгі туристік кластері болып отыр.Түркі әлемінің абызы – Қорқыт ата құрметіне қойылған мемориал Байқоңырдың маңайында. Ежелгі аңыз, көне түркі шежіресінің ұлы тұлғасы болған кемеңгер келбеті ескерткіш мұражайда кеңінен әспеттелген. Қорқыт ата мемориалына келушілерге арнайы зиярат ету орны мен қонақүй кешені салынуда. Суы мөлдір, ағзаға дәру Қамбаш көлі мен Арал теңізі де туристер назарын еріксіз тартар Сыр байлығы санатында. ХХІ ғасырдағы табыстың төресіне баланған туризм Сыр бойында осы қарқынмен өркендесе, жылына 700 мың адам саяхаттап келеді деген жоспар бар. Бұл мақсатта Байқоңыр іргесіндегі Ресейге жалға берілген жердің 200 гектары қайтарылып, түрлі ойын-сауық, демалыс орындары салынбақ. Табысты туризмдік жобадан шетелдік бизнесмендер де шет қалмасы хақ.Кристина САНТАМАРИЯ, Форумға қатысушы (Испания):- Энергетика секторын дамытуға мол мүмкіндік бар екен. Күн, жел энергиясын пайдалануға ауа райы қолайлы. Біздің компаниялар әлемнің әр жерінде ірі жобаларды жүзеге асырып келеді. Оларды Байқоңырдағы болашағы зор бастамалар бей-жай қалдырмасы анық."І Байқоңыр" инвестициялық форумы – өтті-кетті емес, іргелі істердің ұйытқысы болды",-дейді форумға қатысушылар.

Источник: 24.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 3

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .