251950 Жаңартылған "Жигули" жүз шақырымға дейін жүре береді ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

ОҚО-да күн энергиясымен жүретін көлік құрастырылды

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ге қарасты арнайы мамандандыру орталы­ғының қызметкерлері күн энергиясымен жүретін көлікті құрастырып шығарды

ОҚО-да күн энергиясымен жүретін көлік құрастырылды
Фото: Егемен Қазақстан

Қол күшімен құрастырылған машина негізгі қуатты күннен алады. Яғни, төбесіне орнатылған арнайы құрылғы арқылы энергияны аккумуляторға жинайды. Содан кілтті бұрап, көлікті қозғалысқа түсіруге толық мүмкіндік бар.

Бас құрастырушы – Сатылмыш Чайыр. Қазіргі кезде ол арнайы мамандандыру орталығында дәріс береді. Уақытты босқа өткізбеуге дағдыланған маман қолы қалт еткенде қоғамға қажетті дүниені жасауға ұмтылады.

– 1930 жылы шыққан маши­на­лардың суретіне қарап отырып құрастырдық. Негізгі мақсатымыз ескі көлікті жаңа технологиямен жарақтандыру болды. Күн энергиясын қабылдайтын құрылғыны Қытайдан, ал аккумуляторды Ита­­лиядан алдырдық. Сапасы өте жоғары. Содан жарамсыз болып қалған "Жигули" машинасының қаңқасын қырқып, қайта жалғай отырып ойымыздағы көлікті құ­рас­тырып шықтық. Қазір тек әр­­леу, әдемілеу жұмыстарын жасап жатырмыз, – дейді Сатылмыш Чайыр.

Күн энергиясымен қуаттанған көлік сырты ескі болғанымен, ішінің барлығы да жап-жаңа. Тіпті, қозғалтқышының өзіне заман талабына сай автоматтандырылған жүйе орналастырылған.

– Көлікті Түркістаннан Кен­­тауға дейін айдап келдім. Күн бұлтты болған жағдайда акку­му­ляторға жиналған токтың күшімен жүз шақырымға дейін жүре береді. Ал күн шығып тұрса, ешқандай мәселе туындамайды. Сонымен қатар, генератормен және кез келген жердегі разедка арқылы заряд ала алады. Машина экологиялық әрі экономикалық тиімді, – дейді құрастырушы.

Түркиядан келіп, қазақ балаларын кәсіби білім алуға баулып жүрген маман иесінің бұл алғашқы туындысы емес. Яғни, бұның алдында да бензинмен жүретін және күн энергиясынан қуат алатын мотоциклді құрастырып, іске қосқан. Астанада өткен көрмеге қойылған көліктер алғашқы жүлдені де жеңіп алыпты. Екі машина да паттенттелгенімен, оларға арнайы атау берілмеген. Қазіргі кезде көліктер оқу орнының мұ­ра­жайына қойылған.

Бір айта кетерлігі, қарапайым мұғалім тек көлік құрастырмайды. Шебер бұған дейін университет ауласы мен коттеджіндегі 80 жарықшам мен прожекторларды күн энергиясына қосқан. Сондай-ақ үлкен киіз үйдің төбесіне күн энергиясының айналмалы құрылғысын орнатқан.

Яғни, шығыстан шыққан күннің көзімен бірге қуат алатын құрылғы да айналып отырады. 220 вольт­пен жарақтанған үй ішінде теледидар көріп, музыка тыңдауға толығымен жағдай жасалған. Бүгінгі күні Сатылмыш Чайыр күннен энергия алатын аристонды құрастыру үстінде.

В статье: Юко, Шымкент

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 27

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .