Финансы
251715 Елордада "ЕХРО - 2017" халықаралық көрмесін дайындап, өткізу аясында А... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Астанада 2017 жылға дейін 400 шақырым жол салынады

Елордада "ЕХРО - 2017" халықаралық көрмесін дайындап, өткізу аясында Астана бас жоспарында қарастырылған барлық магистралдық көшелер салынатын болады.

Астанада 2017 жылға дейін 400 шақырым жол салынады
Фото: Казинформ

Тұтастай алғанда, 2017 жылға дейін 400 шақырым жол салып, жаңарту жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасап, astana.kz сайты мәлім етті.

Сайттың жазуынша, қалада таяу жылдары ұзындығы 17 км Кіші айналма жолдың құрылысын аяқтау, қаланың жол қозғалысына қиындық туғызатын учаскелеріндегі жүктемені жеңілдету үшін ұзындығы 50 км жол құрылысын жүргізу және қайта жаңарту, №23 көше - Қабанбай батыр көшесі - Тәуелсіздік даңғылы - №31 көше шебінде, яғни "ЕХРО" көрмесі өткізілетін ауданда ұзындығы 45 км жол құрылысын салу, ұзындығы 51 км магистралдық жол салу сияқты жұмыстар жоспарланған. Сондай-ақ, "Мыңжылдық" гүл бағы ауданы (58 км), Тұран даңғылының батыс ауданы (54 км), Мирзоян - Ақыртас көшесі - Тәуелсіздік - Қошқарбаев даңғылы ауданы шекарасында (елшілік қалашығы) (4,5 км) жол салу және инженерлік желі жүргізу қарастырылған. "Қалаға қосылған аудандарда қосымша 100 шақырымнан астам жол мен инженерлік желілер тартылып, жөнделетін болады", - делінген хабарламада.

Источник: ИА "Казинформ"
В статье: Новости Астаны

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 1

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .