Финансы
250755 Ауру деп танылған сиырлар сау да болуы мүмкін ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Әрқайсысы 3200 еуро тұратын асыл тұқымды сиырлардың көзі жойылды

Солтүстік Қазақстан облысында Австриядан сатып алынған сиырлардың көзі жойылып жатыр. Асыл тұқымды ірі қараның өкпесіне алдымен аммиак егіліп, өлген малдың денесі арнайы полигонда өртелді.

Әрқайсысы 3200 еуро тұратын асыл тұқымды сиырлардың көзі жойылды
Фото с сайта fedpress.ru

Симментал тұқымдас сиырларды арнайы бағдарламаға сай өз қоражайларына жайғастырған екі шаруа қожалығының басшылығы малдың сау екендігін ақыры дәлелдей алмады деп хабарлайды КТК арнасы.

Олар екі апта бойы ірі қараларды өлтіруге келген арнайы топты өз шаруашылықтарына кіргізбей, қасарысып бағып еді. Алайда Ауыл шарушалығы министрлігінің шешіміне мойынсынуға мәжбүр болды.

Ірі қараның арасында бір айлық бұзаулар мен буаз сиырлар да бар. Осыдан жарты жыл бұрын "Казагрофинанс" компаниясы олардың әрқайсысын 3200 еуродан Австриядан сатып алған еді. Жем-шөбін алып, қора қопсыларын жөндеп, малды қабылдап алған екі шаруа қожалығының меншігіне өтуі тиіс болатын бұл асыл тұқымдылар.

Енді министрліктен келгендер олардың өкпелеріне аммиак егіп, шетінен арам қатырып жатыр. Жарты жыл карантинде тұрған сиырларды тексерген ветеринарлар ірі қараның вирустық диарея мен Шмалленберг дертіне шалдыққанын анықтапты. Ал малды осы уақыт бойы күтіп, баққан шаруалар да Ресейде сараптама жасатып, сиырлардың сау екендігін анықтаған. Алайда олардың бұл уәжін естір құлақ табылмады.

Ауру малдың адамға қаншалықты қауіпті екендігін халыққа түсіндіруге өңірге еліміздің бас мал дәрігері келді.

Нығмет Жақыпбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы:

- Ертең біреудің балалары ауырып қалып, адам ауырып қалып, қайда қарап жатырсыңдар, не істеп жатырсыңдар, малды әкелдіңдер, мал әкелгеннен кейін жаңа ауру әкелдіңдер деп, біз осы болмас үшін ғой барлық жұмысты істеп жатырмыз. Сырт көзге қарағанда сап-сау сиырларды шаруалар соңғы сәтке дейін азықтандырып, сүтін сауып келіпті.

Шаруалардың үміті ақыры ақталмады. Екі қожалықтағы барлық мал, бұл төлімен қосқанда мың басқа жетеді, толығымен өртеліп жатыр. Ал сиырларды сатып алуға және оларды шаруашылықтарда жарты жыл күтіп баптауға кеткен барлық шығынды Австрия жағы өтейтін болады. Егер шетелдіктердің елімізге ауру мал сатқанын біздің мамандар сотта дәлелдеп шықса ғана.

Источник: КТК

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 19

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .