Финансы
250338 Жұмағалиев: Әуежайды Қапшағай қаласына көшірмек ойымыз бар ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Министр Алматы әуежайын қала сыртына көшіру жоспары туралы мәлімдеді

Алматы әуежайы қала сыртына көшірілуі мүмкін. Бұл жайында Көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

Министр Алматы әуежайын қала сыртына көшіру жоспары туралы мәлімдеді
Фото: thenews.kz

Айтуынша, халықаралық Алматы әуежайы 1935 жылы қала сыртында бой көтеріп, пайдалануға берілген. Кейін шаһар шекарасы кеңіп, әуежай қала аумағына кірді.

"Енді халықаралық әуежайды Алматы облысындағы Қапшағай қаласына көшірмек ойымыз бар. "Малайзияның "АЛМ групп" компаниясы өңірдегі жерді зерттемек", - деді министр.

Халықаралық талаптарға сүйенер болсақ, әуежайлар қала аумағынан алшақ жерде орналасуы керек. Қазіргі әуежайдың тұрған жері – Алатаудың баурайы, алып қаланың ықтасыны. Мұндай жерде тұман сейілмейді.

Естеріңізге салсақ, қаңтардың 29-ы күні Алматы қаласының әуежайына бес шақырым жетпей SCAT әуе компаниясының "Chellenger-200" ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ қону кезінде ауа-райының қолайсыздығынан апатқа ұшырап, әуе кемесінің бортында болған 5 экипаж мүшесі мен 16 жолаушы қаза болған.

В статье: Новости Алматы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 29

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .