249098 Өткен жылы елімізде 79,2 млн тонна мұнай және газ кон­денсаты өндірілг... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Мұнайдың басым бөлігі шетелге шығарылады

Өткен жылы елімізде 79,2 млн тонна мұнай және газ кон­денсаты өндірілгенімен, оның 80 пайыздан астамы, нақты айтқанда, 68 млн 616 мың тон­насы шетел экспортына шыға­рылыпты.

Мұнайдың басым бөлігі шетелге шығарылады
Фото: kapital.kz

Қазақстандағы үш мұнай зауыты небәрі 14,2 млн тонна көлемінде ғана өңдей алған. Еліміздің жерасты табиғи шикізаты көптеген мүдделердің қызығушылығын ту­ғызғандықтан, нағыз "сау­­да-саттық" енді қызатын сияқты. Дүйсенбідегі ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуни­кациялар қызметінің дәстүрлі брифингіне келген Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевтың сөзінен соны аңғардық.

Министрдің айтуынша, "ҚазМұнайГаз" компаниясының Қашаған кен орнында "Коноко Филлипс" үлесін иеленуі жөніндегі мәселе Үкімет деңгейінде талқыға салынбақ. "Қазақстан Қашағандағы "Коноко Филлипс" үлесін әлі сатып алған жоқ. Ведомствоаралық комиссия өзінің жұмысын жалғастырып жатыр. Шешім қабылдау үшін бізде уақыт бар.

Егер де үндістандық ұлттық компания сатып алуға ниеттенген бағаға тоқталатын болсақ, ол – 5 млрд долларға бағаланған еді" дейді ол.

Источник: Айқын

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 8

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .