Финансы
248864 Қазақстанның 2012 жылғы автомобиль нарығындағы көліктердің 23 пайызы р... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

2012 жылы Қазақстанда 100 мыңға жуық жаңа автокөлік сатылды

Қазақстанның 2012 жылғы автомобиль нарығындағы көліктердің 23 пайызы республика аумағында жинақталды.

2012 жылы Қазақстанда 100 мыңға жуық жаңа автокөлік сатылды
Фото: omega.kz/

Бұл туралы бүгін Алматыда Қазақстанның автонарығын дамытудағы тенденциялар,болжамдар мен мәселелер туралы дөңгелек үстел жиынында айтылды.

"Қазақстандық автомобиль өндірісі 23 пайыздан астам өсті. Қазақстанның автонарық әлемдегі ең жылдам өсуші нарықтың бірі болып отыр. 2012 жылы автонарық жалпы 100 пайыздан астам өсіп, 100 мыңға жуық жаңа автокөліктер сатылды. Бұл Қазақстан нарығындағы тарихи рекордтық көрсеткіш. Нарықтағы көшбасшылар Орск автозауытының, "Тайота Моторс" компаниясының, Өзбекстандағы Дэу зауытының өнімдері болып отыр. Ең көп сатылатын 10 автокөлік маркасы, республикада сатылған барлық автомокөліктердің 80 пайыздан астамын құрайды. Барлық маркалар 2 еседен астам өсті", - дейді "Астана моторс" компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Антон Афонин директоры.

Ал "TayotatsushoKazakstanAuto" компаниясының бас директоры Андрей Чередниковтың айтуынша, 2012 жылы Қазақстанның автокөлік нарығының премиум секторындағы брендтер арасында Лексус өзгелерден айтарлықтай алға озып шықты.

Үздік бестікке БМВ, Мерседес, Лэнд Крузер мен Порше енді. Бұл біздің нарықтың зор әлеуетін көрсетеді.

"Біздің бүгінгі мәжілісіміздің негізі мақсаты өткен жылдың қорытындысы шығару емес. Қазір бізде Кеден одағы жақсы не жаман деген сауалға қатысты белгілі бір шешіміміз бар. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру өндіріске өз ықпалын тигізетіні күмәнсіз. Дегенмен қазақстандық автоөндірістің де болашағы айқындала бастады. Бұл жиында біз техникалық реттеу мен Еуро-3, Еуро-4 стандартын енгізу, тауарлық белгіні қорғау мәселелерін талқыға салдық", - дейді Қазақстандық автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев.

Источник: ИА "Казинформ"
В статье: Новости Астаны

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 3

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .