Финансы
248391 ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында Қазақстанның Тұрғын үй-коммуналдық шаруа... ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

ЭКСПО-2017 қарсаңында Астанада жаңа шағынаудан пайда болады

ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында Қазақстанның Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ұлттық палатасы Астанада "Энергетикалық тиімді шағынаудан" жобасын іске асыруды жоспарлауда.ЭКСПО-2017 қарсаңында Астанада жаңа шағынаудан пайда болады

Бұл туралы бүгін Астанада "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы энергия үнемдеу - Қазақстан "жасыл" экономикасының негізі" атты халықаралық конференцияда Ұлттық палата төрағасы Жаңбыршы Нұркенов мәлім етті. Оның айтуынша, аталмыш жоба тек елордада ғана емес, кейін Қазақстанның өзге өңірлерінде де жүзеге асырылмақ.

Осылайша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТҮКШ) саласындағы бірқатар "жасыл" жобалар ЭКСПО-2017 дайындық іс-шараларына қосқан үлкен үлес болады. Сонымен қатар 2013 жылдың орта тұсында Қазақстанның "Жасыл" экономикаға көшу стратегиясы қабылданады. Оның маңызды бөлігі осы ТҮКШ саласындағы энергия үнемдеу мен жаңғырту жобасына арналады.

Осы мақсатта Қазақстанда ТҮКШ жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Ж.Нұркеновтың айтуынша, "Жасыл" экономика 2015 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің энергетикалық шығындарын 10 пайызға дейін қысқартуы тиіс. Аталмыш көрсеткіштерге қол жеткізу үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы өзге өнеркәсіптік салалар сынды энергияны тиімді пайдаланатын экономикаға көшуі аса маңызды.

"ТҮКШ бүгінгі таңда энергия отындарының ең үлкен тұтынушыларының бірі. Қазақстандағы электр энергиясының 22 пайызы осы саланың қажеттіліктерін толтыруға жұмсалады. Соның ішінде тұтынудың негізгі бөлігі тұрғын үйлер қорының үлесіне тиіп отыр. Қазіргі уақытта елімізде тұрғын үйлердің жалпы аумағы 280 млн. шаршы метрді құрайды. Оның негізгі бөлігі өткен ғасырдың 60-90 жылдары салынды. Олар жылуды ұстап тұратын құрылымдармен, тиімді жылу беру жүйелерімен қамтамасыз етілмеген. Бұл өз кезегінде жылуды көп ысырап етуде. Осылайша біз энергияны ауа райы қытымыр Финляндиямен салыстырғанда, үш есе көп шығындаймыз. Олар 1 шаршы метріне 82 кВатт энергия жұмсаса, Қазақстанда 240 кВатт шығындалады. Жалпы энергия шығыны кейбір өңірдерде 40 пайызға дейін жетеді", - дейді Ж.Нұркенов аталмыш жобаның тиімділігі жайында.

Источник: ИА "Казинформ"
В статье: Новости Астаны

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 3

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .