247765 Қазақстандағы әрбір үшінші азамат банкке қарыз ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Сарапшы несиеге белшесінен батқандардың неге көбейгенін айтып берді

Олардың шамамен 3 мыңнан астамы борышын толық өтей алмайтын көрінеді.Сарапшы несиеге белшесінен батқандардың неге көбейгенін айтып берді

Сарапшылар "мұның себебі - берілетін несиелердің пайыздық мөлшемелері жоғары болуынан" дейді. Әрі оның үстіне қосылатын комиссиялық өтемақылар азаматтарды барынан айырып отыр.

Жалғызбасты келіншек Қорлан Сақыпова кезінде дәмхана бизнесін дөңгелету үшін отбасының 3 бөлмелі пәтерін кепілге қойып, банктен 130 мыңнан астам АҚШ долларын несиеге алған.

Алайда, күтпеген жерден кесел жабысқан күйеуі бақилық болып, өзі мүгедектер қатарына қосылады. Осылайша, несиесін өтей алмайтын болды.

- Салым суға кетті. Алдымен үйдегі жиһаздарды сата бастадым. Оның үстіне, банк қызметкерлері дамыл бермейтін еді. Тіпті, бірде олар қатты айқайлады. Мен сонда басқа амалдың жоқтығынан пәтердің кілтін ұсындым. Келісімшартқа сәйкес несиені қайтармасам, олар пәтерді алуға құқылы.

Алайда, банк үшін пәтерді сатқаннан пайда жоқ. Себебі, ол Қорланның қарызын толық жаппайды. Өкініштісі, Қорлан секілді несиеге белшесінен батқандар елімізде жетіп артылады.

Экономист Жангелді Шымшықов "бұған отандық банктердің несиеге қоятын пайыздық мөлшерінің тым жоғары болуы себеп" дейді. 20,8 пайыз. Мұндай жоғары көрсеткіш әлемдегі бірде-бір елде жоқ.

Жангелді Шымшықов, экономист-сарапшы:

- Бүгінгі банкілер өз қызметін дұрыс орындап отырған жоқ. Ал біздікілер қарап отырсаңыз, шетелден 3 пайызға әкеліп, халыққа 23 пайызбен береді. Ол тіпті, ешқандай ұятқа да, заңға да, адамгершілікке де сыймайтын мәселе.

Ал, алдымен өз табысын ойлайтын банк өкілдері болса, "бұған тұтынушылардың қаржылық сауатсыздығы себеп" дейді.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР ұлттық банкі үйлестіру департаментінің директоры:

- Олар келісімшартқа қол қойғанда, осы 15 пайыз қалады деп ойлайды. Бірақ, кейін алым-салым, комиссияларды қосқан кезде, 18-19 пайыз болып кетуі мүмкін.

Ұлттық банк тұтынушылардың қалтасына түсетін салмақты азайту мақсатында комиссиялық төлемдерді алып тастау жөнінде ұсыныс жасады. Ал, банктен несие алып, баспаналы болам деп ойлаған Қорлан қазір барынан айырылып, далада қалудың алдында тұр. 

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 17

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .